Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
24.10.2012 12:35
Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбі күнгі сауданың қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы едәуір төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттары.

Алдағы айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $108,25 (-1,19)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $107,31 - $109,8 аралығында болды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $86,67 (-1,98)/барр болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $85,69 -$89,29 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 24 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту