Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
25.10.2012 12:45
Әлемнің басты мұнай биржаларында сәрсенбі күнгі сауданың қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы едәуір төмендеді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттары.

altАлдағы айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $107,85 (-0,4)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $106,8 - $109,34 аралығында болды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $85,73 (-0,94)/барр болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $84,94 -$87,47 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 25 қазан. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту