Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы біршама өсті

размер шрифта: Aa | Aa
08.01.2013 10:45
Әлемнің басты мұнай биржаларында дүйсенбі күнгі сауданың қортындысында әлем рыногындағы Brent маркалы мұнай бағасы біршама өсті, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайттары.

altАлдағы айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $111,4 (+0,09)/барр болды. ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $110,54- $111,69 аралығында болды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $93,19 (+0,1)/барр болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $92,42 - $93,35 аралығында құбылып тұрды.

Алматы. 7 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту