Мұнайдың әлемдік бағасы түрлі бағытта өзгерді

размер шрифта: Aa | Aa
09.01.2013 12:21
 Әлемнің алдынғы қатарлы мұнай биржаларындағы өткен сауданың қорытындысы бойынша мұнай бағасы түрлі бағытта өзгерді. Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларының сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

altАлдағы айда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа бағасы Лондондағы InterContinental Exchange биржасында (ICE) - IСE Brent Crude Futures $111,94 (+0,54)/барр. болды.

ICE мәліметтерінше сауда күні баррель мұнайдың бағасы $111,12 - $112,47 аралығында құбылып тұрды.

Жақын айларда жеткізілетін New York Mercantile Exchange мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Light,Sweet Crude Oil келісімшартына $93,15 (-0,04)/барр. болды.

NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $92,67 - $93,8 аралығында құбылып тұрды. 

Алматы. 9 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту