Мұнайдың әлемдік биржадағы бағасы өсті

размер шрифта: Aa | Aa
15.01.2013 12:43
 Әлемнің басты мұнай биржаларында сейсенбіде  өткен сауда қортындысында әлем рыногындағы Brent  маркалы мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды Лондон және Нью-Йорк биржаларының сайты. Жақын айларда жеткізілетін мұнай фьючерстерінің орташа есептеген бағасы Лондонда InterContinental Exchange Futures (ICE) - IСE Brent Crude Futures Electronic $111,88 (+1,24)/барр.

ICE мәліметтеріне сәйкес сауда күні баррель мұнайдың бағасы $110,31 - $112,15 аралығында құбылып тұрды.

Нью-Йоркте New York Mercantile Exchange (NYMEX)биржасында - Light,Sweet Crude Oil Oil $94,14 (+0,58)/барр. NYMEX мәліметтеріне сәйкес, сауда күні баррель мұнайдың бағасы $92,95 - $94,29 аралығында құбылып тұрды. 

Алматы. 15 қаңтар. ҚазТАГ

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту