Әлемдік биржаларда мұнай бағасы біршама төмендеді

размер шрифта: Aa | Aa
01.06.2013 13:29

Кеше 31 мамыр күні әлемдік биржалардағы мұнай сатылымы оның бағасының біршама төмендегенін көрсетті. IСE Futures Europe Лондондағы электронды тауар биржасында Brent маркалы мұнайдың  бағасы барреліне 100,39 долларға жетіп  1,80 доллар арзандаған, деп хабарлайды rbc.ru

Нью-Йоркта NYMEX жедел тауар биржасында WTI маркалы мұнай (Light Sweet) бағамы да 1,64 долларға құны төмендеген (баррелі 91,97 доллар).

Мұнай бағамының төмендеуін сарапшылар Мұнай экспорттаушы елдер ұйымының (ОПЕК) мұнай өндіру көлемін төмендетпеу туралы шешімімен байланыстырады (қазір күніне 30 млн баррель). Сондай-ақ бұған АҚШ-тың Энергетика министрлігінің есебі де өз ықпалын тигізген. Оның мәліметінше елде мұнай қоры 3 млн баррель шамасында (бұған дейін 500 мың баррель деп келінді).

Қор нарығына келсек, Американың 30 ірі компаниясының басын қосатын DJIA индексі 208,96 пунктке (-1,36%) төмендеп, 15115,57 пункті құраған. Nasdaq IT-индексі 35,38 пунктке (-1,01%) төмендеп 3455,91 пункті құраған.  BNews.kz в любых целях, кроме личных, гиперссылка на веб-сайт BNews.kz обязательна.

АСТАНА1 маусым 2013, 09:50. BNews.kz forbes.kz 

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту