
Еурокомиссия мұнай алпауыттарын тексеріп жатыр
размер шрифта: Aa | Aa |
22.05.2013 13:33 | ||
Еурокомиссия энергетикалық секторда компаниялардың қуат көздерінің бағасына ықпал ету үшін өзара сөз байласуына қатысты істі тергеу барысында мұнай трейдерлерінен сезіктеніп отыр, деп хабарлайды ресейлік қаржы ақпарат агенттігі Финмаркет.
Өткен аптада Еуропадағы ірі мұнай газ компанияларының кеңселеріне тінту жүргізілген. Басылымның жазғанына сенсек, Glencore, Vitol, Gunvor, Mercuria секілді алпауыттарынан ақпарат тапсыру сұралған. «Әзірге комиссия мұнай трейдерлерінен нарықтағы жағдайға байланысты қосымша ақпарат қана сұрап отыр. Оларды айыптайтын дәлел болмағандықтан ниеті жоқ», деп жазады Финмаркет. Еурокомиссия итальялық Eni, финдардың мұнай өңдеуші Neste Oil компанисы және басқа да компаниялардан осы тергеуге атсалысуын сұраған көрінеді. Еурокомиссия мұнай компаниялары сөз байласып алып әлемдік ақпарат таратушы Platts-қа мұнай бағасы және басқа да мұнай өнімдерінің төмендетілген құны туралы ақпарат беріп, таратып келуі мүмкін екендігін жасырмайды. БРЮССЕЛЬ. 21 мамыр 2013, 15:27. BNews.kz
|