Иранда АЭС-на жақын маңда жер сілкінді

размер шрифта: Aa | Aa
06.05.2013 18:48

Иранның оңтүстігінде, Бушердегі атом электр станциясынан 100 шақырым қашықтықта жер сілкінді. Тербеліс күші 5,1 балға жетті, деп дүйсенбі күні жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Құрбандар мен зардап шеккендер жайлы мәлімет жоқ.

Өткен айда дәл осы аймақта 6,3 және 5,4 балдық жер сілкінісі болған болатын. Салдарынан 37 адам көз жұмды.

6 Мамыр gazeta.kz

PDFБаспаға жіберуE-mail
 

Комментарий жазу


Қауіпсіздік  коды
Жаңарту