KAZENERGY форумы: мұнай-газ саласын әрі қарай қалай дамытуға болады?

размер шрифта: Aa | Aa
22.07.2015 15:09

Жетекші дүниежүзілік сарапшылар Қазақстанға мұнай-газ саласын дамыту бойынша  кеңес береді. Энергетикалық нарықтың жаһандық трансформациясы  мерейтойлық  X Еуразиялық KAZENERGY форумының басты тақырыбы болмақ. Оны ұйымдастырушылардың айтуына  қарағанда, мұнай бағасы тұрақсыз болып тұрған кезде елде іс-қимылдар стратегиясын әзірлеу қажет. Оған қоса,  форумда ұлттық энергетикалық компанияларға  жаңа нарықтарға шығуға мүмкіндіктер беріледі. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік орталық бойынша  орынбасары Данияр Берлібаев: - биылғы жыл мұнай-газ саласы үшін қолайсыз жыл болып отырғаны өздеріңізге белгілі. Дәстүрлі көздердің бағасы түсуде. Сондықтан, форум шеңберінде бізді қызықтырып отырған мәселелер – әріптесермен кездесу, белгілі дүниежүзілік сарапшылармен пікір алмасу, жоспарларды салыстыру. Бізді қызықтыратыны –сұраныс  пен тұтынудың дүниежүзілік балансы. Жаңа нарықты қайдан табуға болады? Стратегияны қалай құру керек? KAZENERGY  форумы астанада 29 қыркүйек пен 1 қазан аралығында өтпек. Оның қатысушылары Жібек жолы Экономикалық белдеуін құруды да  талқылайды. Астанада конференция өткізуді қытай сарапшылары ұсынды.

Дереккөзі: http://24.kz/ru/novosti2/ekonomika/item/67484-forum-kazenergy-kak-dalshe-razvivat-neftegazovuyu-otrasl

PDFБаспаға жіберуE-mail