Хабарламалар

7-мамыр - Отан қорғаушылар Күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.05.2016 12:17
7-9_may_KE_1

Біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі – 7-мамыр -  Отан қорғаушылар Күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні де келіп жетті. Бабаларымыздың айбынды рухын асқақтатқан бұл мереке елімізде айрықша құрметке ие.

 

Бүгін, 9-сәуір, KAZENERGY қауымдастығының бас директоры Болат Ақшолақовтың туған күні.

PDF Баспаға жіберу E-mail
09.04.2016 13:23

KAZENERGY қауымдастығыгың ұжымы  Болат Оралұлын туған күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, қажымас қайрат, көтеріңкі көңіл-күй,  алға қойған мақсаттарына әрдайым қол жеткізуін және тың табыстар тілейді!

Отбасыңызға құт-береке тілейміз! Әрқашан осы жігерлі, қуатты қалпыңыздан таймай, талай асулардан аса беріңіз!

Біз сізді білікті басшы ретінде үлгі тұтамыз!

 

Халықаралық энергетикалық форумы (ХЭФ) Атқару комитетінің Арнайы мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.02.2016 17:22

2016  жылдың 29-ақпанда Лондон қ. (Ұлыбритания) Халықаралық  энергетикалық  форумы (ХЭФ) Атқару комитетінің Арнайы мәжілісі өтеді.

KAZENERGY  қауымдастығының делегациясы: Бас директор Б.О.Ақшолақов пен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Т.К.Қарашев аталмыш шараның жұмысына қатысуды жоспарлап отыр.

Мәжіліс шеңберінде биылғы жылдың 27-28 қыркүйегінде Алжир қаласында өтетін ХЭФ мүше елдерінің 15-ші министрлік кездесуін өткізу талқыланбақ.  Қауымдастық өкілдері қоса қабылдаушы ел дәрежесінде алдағы министрлік кездесудің тақырыбын, бағдарламасын, қатысушылар құрамын да қарау ісіне қатысады деп жоспарланып отыр.    

Сонымен бірге, мәжіліс барысында ХЭФ Бас хатшысын сайлау рәсімін өткізу де жоспарланған.

 

VI Симпозиум

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.02.2016 09:31
IEA IEF OPEC

Ертең 16  ақпанда Эр-Рияд қаласында  (Сауд  Арабиясы) энергетиканы дамыту болжамдары жөніндегі VI Симпозиум  өз жұмысын бастайды, оған KAZENERGY өкілдері қатысады

Маңызды әрі беделді шараны Халықаралық энергетика жөніндегі агенттік (ХЭА,IEA), Халықаралық энергетикалық  форум (ХЭФ,IEF)  және Мұнай эскпорттаушы елдер ұйымы (OPEC) бірлесіп өткізбек.  Симпозиумның күн тәртібінде  энергетиканы дамыту болжамдарын салыстырмалы талдаудың негізгі  тұжырымдары сөз болады,  ХЭФ және ОПЕК соңғы болжамдары таныстырылады, энергетиканың қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективасы, сонымен  қатар төмен бағаның нарықтың сұранысы мен ұсынысына, тұрақтылығы мен өсуіне тигізетін әсері талқыланады.

2016 жылғы 27-28 қыркүйекте ХЭФ 15-ші министрлік кездесуі өтетінін атап көрсеткен жөн, онда Қазақстан вице-төраға дәрежесінде таныстырылады.

 

Жаңа Жылыңызбен!

PDF Баспаға жіберу E-mail
30.12.2015 15:05
new_year_ke_1

Құрметті қауымдастық мүшелері, серіктестер, әріптестер!

Қызығы мен қиындығы көп болған 2015 жыл да өтіп бара жатыр. Өткенге риза болып, Жаңа жылға бәріміз таза ниетпен, нық қадаммен аттайық.  Жаңа 2016 жыл жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз бірлігіміз берік болсын! Жаңа жыл тың шығармашылық ойлар, биік кәсіби жетістіктер, керемет оң өзгерістер,  жарқын кездесулер мен қуанышты оқиғалар, тамаша бастамалар мен оң шешімдер жылы болсын! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт-береке, ырыс алып келсін.   

 

ҚР Тәуелсіздік Күні

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.12.2015 14:46
independent_1

KAZENERGY қауымдастығының серіктестері мен мүшелерін  қауымдастық ұжымы  еліміздің басты мерекесі – ҚР Тәуелсіздік Күнімен құттықтайды! Сіздермен  жұмыла атқарып отырған істеріміз табыстан табысқа жете беруіне тілектеспіз. Біздің Отанымыз 24 жасқа толып отыр. Шынайы мақтан тұтатын қол жеткізген же­тістіктер  көп.   Елімізге  тұрақтылық пен өркендеу тілейміз, барша халқымызға сәттіліктер, игілік  және бейбітшілік, азаттық және гүлдену жолындағы бақытты болашақ тілейміз!

 

Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы Мұнай-газ өндірісі комитетінің мәжілісі.

PDF Баспаға жіберу E-mail
26.11.2015 17:28

Ү.ж. 2-желтоқсанда сағат 16.00-де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ ғимаратында  Мұнай-газ саласын  дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің және "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы Мұнай-газ өндірісі комитетінің бірлескен мәжілісі өтеді. KAZENERGY мақсатты жобаларының іске асырылуын, саланың ағымдағы жай-күйін, ҚР мұнай құятын флотын техникалық реттеу және жүк базасын азайтуды (дөңгелек үстел форматында) талқылау  жоспарланып отыр.

Мекенжайы: Астана қ., Қабанбай батыр д-лы,  19, А блогы, 12-қабат.

 

Адами капиталды дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің кезекті мәжілісі 16-қарашада дүйсенбі күні сағат 10:00-де KAZENERGY қауымдастығында болады

PDF Баспаға жіберу E-mail
13.11.2015 11:30

Мәжіліске қатысатындар – меморгандардың, KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялардың және серіктестерінің өкілдері Қауымдастықтың 2015 жылғы адами капитал  саласындағы  қызметтерін, «Кәсіптер топтастырғышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік топтастырғышын, «Ембімұнайгаз» АҚ үлгісімен мұнай-газ саласында қосарлы оқытуды іске асыру барысын, 2014-2015 жж. арналған ҚР мұнай-газ саласындағы  корпоративтік әлеуметтік жауаптылық бойынша есепті, сондай-ақ, 2016 жылға арналған мақсатты жобаларды  талқылайды.

KAZENERGY қауымдастығы

Баспасөз қызметі

 

Астанада «Мұнай – кешегі, бүгінгі және келешек уақыттың энергиясы» атты студенттік дебаттық жарыс өтеді

PDF Баспаға жіберу E-mail
27.04.2015 16:34

2015 жылғы  мамырдың 1-2-сі, Астанада  Қазақстанның мұнай-газ және мұнай-химия саласына арналған «Мұнай – кешегі, бүгінгі және келешек  уақыттың энергиясы» атты дебаттық жарыс өтеді. Шараның ұйымдастырушылары -  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ демеушілік қолдауымен «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы, Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры»  корпоративтік қоры.

 

Данияр Берлібаевпен Speak up

PDF Баспаға жіберу E-mail
22.04.2015 11:38
1
DB

Өткізілетін күні: 2015 жылғы 23 сәуір

Өткізілетін уақыты: сағат 19.00-ден –  20.30-ға дейін

Өткізілетін орны: Қабанбай батыр д-лы, 17, 16-қабат «KAZENERGY» қауымдастығының конференц-залы

Шара: «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Данияр  Берлібаевпен Speak up

Аудиториясы: мұнай-газ және энергетика саласының жас мамандары

Ұйымдастырушылар: «KAZENERGY» қауымдастығының Жастар комитеті

Speak up дегеніміз не? Бұл  -  мұнай-газ және энергетика саласының беделді тұлғаларымен, елімізге танымал адамдармен, көшбасшылармен және еңбек ерлерімен  бейресми жағдайда емін–еркін отырып  кездесу жасау үшін ұйымдастырылған «KAZENERGY» Жастар комитетінің жаңа алаңы.

Мақсаты: шараға шақырылған Қонақпен өзіңізді қызықтыратын тақырыпта әңгімелесу, өзекті мәселелер туралы пікір бөлісу.

Speak up-қа әріптестеріңізді шақырыңыз,

бейсенбі күні  біздің Қонаққа дайындаған қызықты сұрақтарыңызбен  және жақсы көңіл-күймен келіңіздер!

Құрметпен,

«KAZENERGY» қауымдастығының Жастар комитеті

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL