Хабарламалар

«Қазақстан Республикасының ЖЖМ нарығындағы жағдай» тақырыбында өтетін дөңгелек үстел

PDF Баспаға жіберу E-mail
04.03.2015 16:50
Өткізілетін орны: Астана қ.,  KAZENERGY қауымдастығы, Қабанбай батыр  17, Б блогы, 16-қабат,  конференц зал
Өткізілетін уақыты: 5-наурыз, 11.30

KAZENERGY қауымдастығы ҚР Энергетика министрлігі, ҚР Парламенті Мәжілісі, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ өкілдерінің  және салалық сарапшылардың қатысуымен Қазақстанның ЖЖМ нарығы мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізеді.  РФ-дан ҚР-ға мұнай өнімдерін әкелуге уақытша тыйым салу, ҚР-да ЖЖМ тапшылығын жою үшін қабылданатын шаралар, отандық МӨЗ ЖЖМ қорының ауқымы, таяудағы мерзімде нарықтың даму болжамдары  және басқалары сияқты мәселеерді талқылау жоспарланып отыр.

 

1-ші Халықаралық Форум “Қазақстанның геологиялық барлауы: Фокус Мұнай және Газ”

PDF Баспаға жіберу E-mail
03.03.2015 18:38
Өткізілетін орны: Астана қ «Rixos President Astana» қонақ үйі
Өткізілетін уақыты: 2015 жылғы 12-13 наурыз

Қазақстан  мұнайшылар-геологтар қоғамы және  «Kazenergy» қауымдастығы Қазақстан Республикасының қолдауымен, сонымен қатар салалық министрліктердің, ұлттық компаниялардың басшыларының тікелей қатысуымен «Қазақстанның геологиялық барлауы: Фокус Мұнай және  Газ»  1-ші Халықаралық Форумын  өткізбек.

 

«KAZENERGY» қауымдастығы Жастар комитетінің мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
11.02.2015 17:32

12 ақпанда  «KAZENERGY» қауымдастығының конференц-залында Қауымдастықтың жастар комитетінің мәжілісі өтеді. Қатысушылар 2015 жылға арналған жұмыс жоспарын, Жас мамандар кеңесіне  бюджет құру мәселелерін және  «KAZENERGY» жастар форумын өткізу бағдарламасын талқылайды.

Сонымен қатар,  мұнай-газ және энергетика секторындағы жас мамандарды дамыту мәселелерін және өзге де өзекті мәселелерді таллқылау жоспарланып отыр.

 

Қазақстанда алғаш рет бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде шолу жасалды. «KAZENERGY» қауымдастығы «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының 2012-2013 жж. арналған әлеуметтік жауапкершілігі» шолуының жұмысы туралы есеп береді

PDF Баспаға жіберу E-mail
05.02.2015 10:53

Таныстыру «Мұнай-газ компанияларын әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және қаржылық емес есептілікті даярлауға ынталандыру бойынша бастамалар» тақырыбында  2015 жылғы 11 ақпанда «KAZENERGY»қауымдастығының конференц-залында сағат 11.00-де болатын Дөңгелек үстел мәжілісі барысында өтеді.

 

«Kazenergy» қауымдастығының кеңесі 2014

PDF Баспаға жіберу E-mail
08.12.2014 17:19

2014 жылғы 10 желтоқсанда  «Rixos» отелінде «KAZENERGY» ЗТБ Қауымдастық кеңесі өтеді. Қатысушылардың назарына қауымдастықтың 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы  бойынша есеп ұсынылады. Келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жоспарланып отыр.

 

Грузияның Вице-премьері, Энергетика министрі Каха Каладзе Астанада өтетін энергетикалық саланың көшбасшыларының кездесуіне қатысады

PDF Баспаға жіберу E-mail
21.11.2014 12:27

Каха Каладзе 26-27-қарашадағы Энергетикалық  Хартия Конференциясының 25-ші сессиясына қатысады деп жоспарланып отыр.  Ол сессияның «Транзиттік коридорларды дамыту – глобальной ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік кілті» тақырыбындағы министрлік бөлімінде  сөз сөйлемекші.

 

Қазақстанға алғаш рет Еуропалық комиссияның Энергетикалық Одақ істері жөніндегі Вице-Президенті Марош Шевкович келеді

PDF Баспаға жіберу E-mail
19.11.2014 17:32

Бұл  - ЕО құрылымындағы жаңа лауазым. Еуропаның Энергетикалық Одағын құру бастамасы украиналық дағдарыстан кейін көтерілді. Оның мақсаты ресейлік газ жеткізушілерге тым тәуелді болмау, көгілдір отынды ЕО барлық елдеріне ортақ шартпен анағұрлым ашық жолмен сатып алу, Еуроодақтың жекелеген елдерімен тәуелсіз шарт жасау тәжірибесін болдырмау үшін   энергетикалық ресурстар мен инфрақұрылымды біріктіру.   

 

Әлем энергетикасы мәселелері ең жоғарғы деңгейде талқыланады

PDF Баспаға жіберу E-mail
19.11.2014 17:32

26-27 қарашада Астанада Қазақстанның  Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің қорытындысы  бойынша ЭХ Конференциясының 25-ші сессиясы өтеді.

Осы шараға ҚР Премьер–Министрі  Кәрім Мәсімов, Энергетикалық  Хартияның Бас Хатшысы, өкіл  Урбан Руснак, ҚР Энергетика Бірінші  Вице-министрі  Ұзақбай Қарабалин, «ЛУКОЙЛ» ААҚ Президенті Вагит Алекперов, ФСЭГ Бас Хатшысы Сейед Мохаммад Хоссейн Адели,  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының Төрағасы Сауат Мыңбаев, сонымен қатар  Нидерланды, Ұлыбритания, Грузия және бірқатар басқа да елдердің  Министрлері мен өкілдері  қатысады деп күтілуде.  

 

«Қазақстанның энергия тиімділігіне шолу» - «жасыл экономикаға» көшу жолы

PDF Баспаға жіберу E-mail
19.11.2014 17:31

Энергетикалық  Хартия Хатшылығы және  KAZENERGY  қауымдастығы «Қазақ мұнай және газ институты»  АҚ Энергетика орталығы және «KEGOC» АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатына шолу жасады.

 

«KAZENERGY» қауымдастығында колледждерді кәсіпорындарға беру ісі талқыланады

PDF Баспаға жіберу E-mail
13.11.2014 16:37

14 қарашада «KAZENERGY»  қауымдастығының конференц-залында дөңгелек үстел мәжілісі өтеді. Мәжіліс тақырыбы – мемлекеттік мекемелердің бір бөлігін кәсіпорындар мен қауымдастықтарға беру мәселесі. Кәсіптік техникалық білім беру және қосарлы  білім беру жүйесін жетілдіру механизмдері қандай болмақ? Мемлекет-жекеменшік серіктестігі шеңберінде оқу орындарын басқару үдерісі қалай өрістейді және өндірістік кәсіпорын жанындағы біліктілікті арттыру орталықтары қалай жұмыс істейтін болады? Дөңгелек үстелге қатысушылар осы мәселелерді талқыламақшы. Осы кездесуге Ғылым және білім министрлігі, Ұлттық  кәсіпкерлер палатасы, ҚР Экономика министрлігі жанындағы МЖК  Қазақстандық орталығы,  Республикалық ғылыми-әдістемелік кәсіптік білім беру және біліктілік беруді дамыту орталығының  өкілдері қатысады. 

Мәжіліс 14 қарашада сағат 10.00-де болады.

Мекенжайы: Қабанбай батыр, 17, 16 қабат, конференц-зал

(«KAZENERGY» қауымдастығының офисі)

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL