Хабарламалар

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы: басты аспектілер және негізгі новеллалар» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу» ғылыми-практикалық конференциясы

PDF Баспаға жіберу E-mail
07.10.2014 00:00

2014 жылғы 15 қазанда сағ. 10-00-де,  Астана қ.,  Достық к-сі, 2, «Marriott Astana» отелі мекенжайында.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және «KAZENERGY» қауымдастығымен  бірлесіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы: басты аспектілер және негізгі новеллалар» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу» ғылыми-практикалық конференциясын өткізбек.  

 

ТК 88 екінші мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.10.2014 11:43

2014 жылғы 16 қазанда, сағат 10.00-де  «ҚазМұнайГаз – өңдеу және  маркетинг» АҚ Бас директоры, ТК88 Төрағасы  Тиесов Данияр Сүйіншілікұлының төрағалық етуімен № 88 Стандарттау жөніндегі техникалық комиеттің «Мұнай, мұнай өнімдері және майлау материалдары» тақырыбында екінші мәжілісі өтеді.

 

21-23 қазанда «KAZENERGY» қауымдастығы Уфа қ. өтетін «Жасыл энергетика» XIV РЕСЕЙ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА қатысады

PDF Баспаға жіберу E-mail
06.10.2014 00:00

Шараға саланың 700-ден астам сарапшылары қатысады деп күтілуде.  Энергетикалық  Форумның бағдарламасы  мыналарды қамтиды:

  1. «Жасыл энергетика –  жаңалық па,  әлде  қажеттілік пе?» XIV Ресей энергетикалық  форумының пленарлық мәжілісі 
  2.  Дөңгелек үстелдер:

•    «Энергия үнемдеудің алғышарттары: бөлінген және «үлкен» энергетиканың ара қатынасын ынталандыру механизмдерінің әсері»;

•    «Жаңармалы қуат көздері: күн, жел және су»;

•    «Smart Grid  - энергия үнемдеудің негізгі құралы»;

•    «Жаңармалы қуат көздерін әзірлеу және пайдалану үшін кадрлар даярлау (жел, күн және  гидроэнергетика)»;

•    «Энергия үнемдеудің тиімділігі мен қол жетімділігі. Қазіргі уақыт пен болашақ».

 

Қауымдастықтың қызметтері бойынша компания өкілдері үшін таныстыру сессиялар

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.09.2014 12:25

Қауымдастықтың қызметтері бойынша компания өкілдері үшін таныстыру сессияларын өткізу және 2013 жылғы  және 2014 жылғы 9 айдың нәтижелерін жариялау, сонымен қатар күнделікті толғақты мәселелерді талқылау мақсатында KAZENERGY қауымдастығының  басшылығы Қазақстан аймақтарына іссапарға жүреді. Іссапар  барысында  мұнай-газ және энергетика саласының компанияларымен жалпы және екіжақты кездесулерді өткізу жоспарланып отыр.

 

ҚР ҰКП Мұнай-газ өнеркәсібі комитеті

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.09.2014 12:23

2014 ж. 16 қыркүйекте ҚР ҰКП Президиумының Мұнай-газ өнеркәсбі комитетінің мәжілісін өткізу жоспарланып отыр.  Күн тәртібіне мұнай-газ индустриясының мердігер компанияларының толғақты мәселелері, мұнай-газ өндірісіндегі сертификаттау, ағынды суларды жер қойнауына төгу мәселелері де қойылған.

 

"KAZENERGY" қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің мәжілісі

PDF Баспаға жіберу E-mail
15.09.2014 12:22

2014 ж. 16 қыркүйекте   "KAZENERGY" қауымдастығы Ғылыми-техникалық кеңесінің кезекті мәжілісі өтеді.  Мәжіліс барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жүйесіндегі ҒЗИ жай-күйі мен перспективаларын, Жол картасын іске асыру, М.И.Губкин ат. Мұнай және газ РМУ   инновациялық жобаларын талқылау жоспарланып отыр.

 

«KAZENERGY – көшбасшылық және инновациялар» Қазақстан-Ресей Жастар форумы

PDF Баспаға жіберу E-mail
20.08.2014 11:00

2014 жылғы қыркүйектің 29-ы мен  30-ы аралығында Атырау  қ. Мемлекет басшыларының қатысуымен «Көмірсутекті саладағы инновациялар» тақырыбында XI Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтеді.

 

Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак Қазақстанның 2014 жылы Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің аралық қорытындысын шығару үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.

PDF Баспаға жіберу E-mail
10.06.2014 14:51

2014 жылғы 9-маусым, Астана - Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы  Урбан Руснак Қазақстанның 2014 жылы Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің аралық қорытындысын шығару үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.

 

«KAZENERGY» қауымдастығы стандарттау жөніндегі техникалық комитетті құру туралы жариялайды

PDF Баспаға жіберу E-mail
29.05.2014 00:00

 «KAZENERGY» қауымдастығы базасындағы стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер

28.05.2014ж. – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің м.а. 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 42 бұйрығымен бекітілген «Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді құру, олардың жұмыс істеуі және тарату туралы қағидаларға» сай, сонымен қатар мұнай-газ кешенінің Қазақстан экономикасын дамытудың басты стратегиялық ресурсы болып табылатынын және Қазақстан Республикасының әлемнің дамыған 30 елінің қатарына кіруі стратегиясын іске асыруда басты рөл атқаратынын  ескере отырып,  техникалық реттеу комитетінің 2014 жылғы 23 мамырдағы № 123-од бұйрығымен «KAZENERGY»  Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі базасында  төмендегі стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер құрылды және Төрағалыққа кандидатуралар  бекітілді:

 

Әлемдік энергетика көшбасшылары Астанада

PDF Баспаға жіберу E-mail
19.05.2014 17:23

Хабарлама

БАҚ өкілдерінің назарына!

2014 ж. 17 мамыр, Астана, Қазақстан -  KAZENERGY Қауымдастығы,  «Самұрық-Энерго»  АҚ және  Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес (www.worldenergy.org)  барлық БАҚ өкілдерін   2014 жылғы мамырдың 21-і мен  22-сі аралығында  Тәуелсіздік Сарайында «Өтпелі кезеңдегі энергетика: мүмкіндіктер мен туындайтын тәуекелдер» атты Әлемдік энергетика көшбасшылары саммитінің ашылуына орай 7-ші Астана Экономикалық Форумы  шеңберінде өтетін баспасөз маслихатына қатысуға шақырады.  Бұл  - салалық халықаралық қоғамдастық үшін  Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңестің ТМД кеңістігінде  алғаш рет өткізілейін деп отырған негізгі оқиғаларының бірі. 

 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL