Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы Урбан Руснак Қазақстанның 2014 жылы Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің аралық қорытындысын шығару үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.

размер шрифта: Aa | Aa
10.06.2014 14:51

2014 жылғы 9-маусым, Астана - Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы  Урбан Руснак Қазақстанның 2014 жылы Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің аралық қорытындысын шығару үшін Астанаға жұмыс сапарымен келді.

Бүгін, Хартияның Бас хатшысы өз сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Кәрім Мәсімовпен, ҚР Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалинмен екіжақты кездесу өткізеді, сонымен бірге KAZENERGY қауымдастығының басшысымен кездеседі. Бүгін 17:00-де  мұнай және газ министрлігінде Мұнай-газ министрлігінің  басшысы, Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы және KAZENERGY қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Сәрсеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

Осы кездесулер барысында ауқымды мәселелер төңірегінде сөз қозғалмақ, соның ішінде  Энергетикалық Хартияның Шартына қол қоюшы елдер – Ресей мен Белоруссияның қатысуымен Еуразиялық Экономикалық Одақ құру  тұрғысында  Қазақстан үшін аса маңызды болып табылатын Энергетикалық Хартияны жаңғырту үдерісін іске асыру  мәселесі қозғалады, себебі бұл елдер аталған  құжатты  бекіткен жоқ.   

У. Руснактың сапарының тағы бір маңызды тармағы – биылғы жылғы қарашаның 26-27-сі аралығында өтетін Энергетикалық  Хартия жөніндегі Конференцияның 25-Сессиясына даярлық. Бұл іс-шарада Қазақстанның осы ұйымдағы төрағалығы аяқталады. Біздің еліміздің  ұйымның  2014 жылдың басында қабылданған жаңа форматына сәйкес сайланған бірінші ел болып отырғанын естеріңізге саламыз.

Қазақстанды сайлау Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы звено болып табылатын республикамыздың Еуразиялық кеңістіктегі энергия ресурстарының ірі  өндірушісі және жеткізушісі дәрежесіндегі  ерекше рөлін растайды. Сондықтан да алдағы астаналық конференцияның «Транзиттік коридорларды дамыту – ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кілті» деген  негізгі тақырыбы кездейсоқ алынған жоқ.

Осы мәжіліс барысында  таяудағы бес жылдағы ұйымдық дамуды белгілейтін негізгі қорытынды құжатты - Астана Жол Картасын  қабылдау жоспарланып отыр. Мысалы, осыған ұқсас алдыңғы құжат Римде 2009 жылы қабылданған.   

Энергетикалық Хартия жөніндегі конференция – Энергетикалық Хартия Шартының жоғарғы басқарушы органы Еуразияның елуден астам елдерін біріктіреді.

Конференция мәжілісі Энергетикалық Хартияның барлық мүшелерінің ғана емес, сонымен қатар шақырылған қадағалаушы  елдер мен халықаралық ұйымдардың, келіссөз үдерісіне қатысатын жетекші сарапшылардың да басын қосады.  

Сонымен бірге, 2014 жылғы маусымның 10-ынан 13-іне дейін Астанада Энергетикалық Хартия Хатшылығы «KAZENERGY» қауымдастығымен бірлесіп энергетика саласының болашақ басшыларының біліктілігін жоғарылату бағдарламасын енгізуді жоспарлап отыр.

Осы ауқымды тақырып шеңберінде құбылмалы  әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және нығайту мақсатында инвестицияны қорғау стратегиясының  өзара байланысты мәселелері қаралатын болады.

Осы бағдарлама энергетика саласындағы  жас практик-мамандарға әлемдік тәжірибеге сүйене отырып, энергетикалық қауіпсіздік пен инвестицияны қорғау саласының іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін түсіндіру үшін  арнайы әзірленген. Қазақстанның энергетика саласының алдында тұрған күрделі мәселелерді шешуге тиімді басқару әдістерінің қалай көмектесетіні туралы қатысушыларға мол ақпарат  берілетін болады.

Семинар  жоғары білікті сарапшылардың қатысуымен Энергетикалық Хартияның Бас Хатшысы У. Руснактың басшылығымен өтеді.

Семинарға KAZENERGY қауымдастығына мүше компаниялардың мамандары қатысады деп жоспарлануда.

  

KAZENERGY қауымдастығының

   Баспасөз қызметі

   тел: 790181, baur81@kazenergy.com

 

PDFБаспаға жіберуE-mail