«KAZENERGY – көшбасшылық және инновациялар» Қазақстан-Ресей Жастар форумы

размер шрифта: Aa | Aa
20.08.2014 11:00

2014 жылғы қыркүйектің 29-ы мен  30-ы аралығында Атырау  қ. Мемлекет басшыларының қатысуымен «Көмірсутекті саладағы инновациялар» тақырыбында XI Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығы форумы өтеді.

Осы Форум шеңберінде «KAZENERGY»  қауымдастығы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігімен бірлесіп «KAZENERGY – көшбасшылық және инновациялар»  Қазақстан-Ресей Жастар форумын өткізуді жоспарлап отыр.

Форум жұмысына мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының  өкілдері мен басшылары, жастар ұйымының  жетекшілері, «KAZENERGY» стипендиаттары, екі елдің салалық ЖОО және колледждерінің студенттері де қатысады.

Форумның мақсаты   - жастарды инновациялық жаңалықтарға, заманауи ғылым, инновациялар мен кәсіпкерліктің өзекті мәселелерін шешуге  ынталандыру.

Жастар форумы шеңберінде төмендегі іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр:

- «Қазақстан мен Ресейдің жас кәсіпкерлері: болашаққа жол. Көшбасшылар диалогы», «Жас мұнайшылар – ынтымақтастық көкжиегі» тақырыбындағы панельдік пікірталастар

- «Innovation man» инновациялық жобаларын  әзірлеушілердің байқауы

- «KAZENERGY» стипендиаттарының жылдық слеті: «5 жыл – нәтижелер мен жоспарлар»

- «Теңізшевройл» бас директоры Том Миллердің қатысуымен «Инновациялар арқылы көшбасшылыққа жол ашу» тақырыбында мастер-класс

- Тренинг семинар:  «Инновациялық идеялар мен жобаларды іске асыру»

- ҚР және РФ құрамалары арасында мини  футбол бойынша жарыс

- Саяхаттар: "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС, "КазТурбоРемонт» Сервистік орталығы» ЖШС, «Сарайшық» мұражайы, «Көмірсутекті саладағы инновациялар» көрмесі

- Мәдени-ойын-сауық бағдарлама: жастар дискотекасы, алау жанындағы достар кеші

 ДЕМЕУШІЛЕР

                                                                                                                      

 intergas_4                                                                                                     

PDFБаспаға жіберуE-mail