21-23 қазанда «KAZENERGY» қауымдастығы Уфа қ. өтетін «Жасыл энергетика» XIV РЕСЕЙ ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ ФОРУМЫНА қатысады

размер шрифта: Aa | Aa
06.10.2014 00:00

Шараға саланың 700-ден астам сарапшылары қатысады деп күтілуде.  Энергетикалық  Форумның бағдарламасы  мыналарды қамтиды:

  1. «Жасыл энергетика –  жаңалық па,  әлде  қажеттілік пе?» XIV Ресей энергетикалық  форумының пленарлық мәжілісі 
  2.  Дөңгелек үстелдер:

•    «Энергия үнемдеудің алғышарттары: бөлінген және «үлкен» энергетиканың ара қатынасын ынталандыру механизмдерінің әсері»;

•    «Жаңармалы қуат көздері: күн, жел және су»;

•    «Smart Grid  - энергия үнемдеудің негізгі құралы»;

•    «Жаңармалы қуат көздерін әзірлеу және пайдалану үшін кадрлар даярлау (жел, күн және  гидроэнергетика)»;

•    «Энергия үнемдеудің тиімділігі мен қол жетімділігі. Қазіргі уақыт пен болашақ».

«Жасыл энергетика –  жаңалық па,  әлде  қажеттілік пе?» тақырыбындағы пленарлық мәжілісте «жасыл» энергетиканың дамуын бағалау және оның болашағы тақырыбындағы баяндамамен «KAZENERGY» қауымдастығының мұнай-газ және энергетика кешенін дамыту жөніндегі атқарушы директоры Айбек Боранғали сөз сөйлейді.

Баламалы энергетика ядросы болып табылатын Қазақстан экономикасының даму жолын ескере отырып, Қауымдастықтың Энергетикалық форумға қатысуы экономиканың даму бағытына оң әсерін тигізеді деп сенеміз.

2013 жылғы 30 мамырда Қазақстан  Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  еліміздің «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі  тұжырымдама туралы Жарлыққа қол қойды.

PDFБаспаға жіберуE-mail