«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы: басты аспектілер және негізгі новеллалар» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу» ғылыми-практикалық конференциясы

размер шрифта: Aa | Aa
07.10.2014 00:00

2014 жылғы 15 қазанда сағ. 10-00-де,  Астана қ.,  Достық к-сі, 2, «Marriott Astana» отелі мекенжайында.

Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен және «KAZENERGY» қауымдастығымен  бірлесіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы: басты аспектілер және негізгі новеллалар» Қазақстан Республикасының Кодексін әзірлеу» ғылыми-практикалық конференциясын өткізбек.  

Конференция «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің Тұжырымдамасында белгіленген тәсілдерді жұртшылыққа жариялау және мемлекеттік органдарға, жер қойнауын пайдаланушыларға және ғылыми ортаға  сарапшылық пікір   бергізу  мақсатында өткізіледі.

ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары  Рау Альберт Павлович, «ENERGY Resources & Environmental Law limited» компаниясының директоры, Данди университетінің профессоры (Ұлыбритания), энергетика, мұнай және тау-кен құқығы саласындағы жетекші сарапшы Питер Кэмерон, Chevron Corporation компаниясының Еуразиялық бөлімшесінің Басқарушы құқықтық кеңесшісі Елубаев Жұмагелді Сәкенұлы және басқалары жер қойнауын пайдалану мәселелері жөнінде баяндама жасайды деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, ғылыми-практикалық конференцияға  ҚР Инвестициялар және даму министрі Исекешев Әсет Өрентайұлы және ҚР Энергетика вице-министрі Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы  қатысады.

Конференция өтетін күні «KAZENERGY» қауымдастығының ғимаратында  осыған ұқсас тақырыпта Дөңгелек үстел өткізіледі.

Мемлекет Басшысының 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1399-4 ПАБ  тапсырмасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және «KAZENERGY» қауымдастығымен  бірлесіп «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің Тұжырымдамасын  әзірлеу бойынша   жұмыстарды жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.

«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексінің  негізгі мақсаты көмірсутекті шикізат саласындағы, сол сияқты пайдалы қатты қазбалар саласындағы қатынастарды реттейтін құқықтар нормаларын жүйелендіру, саланың инвестициялық тартымдылығын көтеру, алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені ескере отырып әкімшілік кедергілерді азайту болып табылады.

PDFБаспаға жіберуE-mail