«Қазақстанның энергия тиімділігіне шолу» - «жасыл экономикаға» көшу жолы

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2014 17:31

Энергетикалық  Хартия Хатшылығы және  KAZENERGY  қауымдастығы «Қазақ мұнай және газ институты»  АҚ Энергетика орталығы және «KEGOC» АҚ қолдауымен Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы мемлекеттік саясатына шолу жасады.

Жүргізілген зерттеулер қазіргі ахуалды сипаттап қана қоймай, сонымен қатар  энергия тиімділігін арттыруға кедергі келтіретін негізгі  мәселелерді де айқындайды. Сондай-ақ, ұсынылған талдауда энергия тиімділігін арттыру саласындағы дамыған елдердің тәжірибесі ұсынылған.

Шолу жұмысы ұсыныстар әзірлеу, мемлекеттік реттеу механизмдерін реттеу, сонымен қатар халықаралық ынтымақтастықты нығайту және Шартқа қатысушы елдермен қазақстандық тәжірибемен алмасу мақсатында әзірленген.

Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын қабылдау қоғамды жаңа даму жолына бағыттап отыр. Мемлекеттік саясат қоршаған ортаға әсерлерді азайтуға, ресурстарды үнемдеуге және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.  «Жасыл экономикаға» көшу жолының басты бағыттарының бірі энергия тиімділігі болып табылады.  ІЖӨ энергия сыйымдылығы көрсеткіші бойынша Қазақстан жоғары мәнге ие елдердің қатарында. Сарапшылардың айтуынша,  біздің елімізде өнеркәсіп, энергетика, ТКШ және көлік салаларындағы энергия тиімділігін арттыруға барлық мүмкіндіктер бар.

Шолудың таныстырылымы  2014 жылғы 26-қарашада «Rixos President Hotel» қонақ үйінің «Дихолл» залында сағат  10.00-де болады.   

Егер сұрақтарыңыз болса, мына нөмірге хабарласыңыз:

+7 7172790181

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail