Әлем энергетикасы мәселелері ең жоғарғы деңгейде талқыланады

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2014 17:32

26-27 қарашада Астанада Қазақстанның  Энергетикалық Хартияға төрағалық етуінің қорытындысы  бойынша ЭХ Конференциясының 25-ші сессиясы өтеді.

Осы шараға ҚР Премьер–Министрі  Кәрім Мәсімов, Энергетикалық  Хартияның Бас Хатшысы, өкіл  Урбан Руснак, ҚР Энергетика Бірінші  Вице-министрі  Ұзақбай Қарабалин, «ЛУКОЙЛ» ААҚ Президенті Вагит Алекперов, ФСЭГ Бас Хатшысы Сейед Мохаммад Хоссейн Адели,  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқармасының Төрағасы Сауат Мыңбаев, сонымен қатар  Нидерланды, Ұлыбритания, Грузия және бірқатар басқа да елдердің  Министрлері мен өкілдері  қатысады деп күтілуде.  

Қазақстан өзінің төрағалығы шеңберінде Энергетикалық  Хартия үдерісін жетілдіру бойынша бірнеше маңызды саяси ұсыныстар жасап отыр. Энергетикалық секторда ұлттық деңгейдегі дауларды болдырмау үшін сотқа дейінгі тәртіппен дауларды шешудің ерікті механизмдерін  енгізу ұсынылды. Сондай-ақ,  Энергетикалық  Хартияның Бас Хатшылығы жанынан энергетикалық сектордағы инвестицияларды қорғау бойынша Омбудсмен қызметін құру мәселесін қарастыру да ұсынылып отыр. Бұл даулы мәселелерді жылдам әрі  уақтылы шешуге және Энергетикалық  Хартия құрамындағы елдердің инвестициялық дауларды болдырмауына  мүмкіндік береді.

Бұған қоса, Қазақстан  Энергетикалық  Хартияны жаңарту үдерісіне ұлғайту тұрғысында белсенді атсалысуда. Қазақстан төрағалық етуші ел ретінде энергия ресурстарын қауіпсіз транзиттеу және халықаралық энергетикалық нарықтың барлық сегменттерінің ашық болуы мәселелері бойынша  тереңдетілген көпжақты диалог алаңын құруға бастама көтерді.

Осы мәжіліс барысында ұйымның таяудағы бес жылдық дамуын айқындайтын негізгі қорытынды құжат – Астаналық  Жол Картасын  қабылдау жоспарланып отыр. Мысалы, осыған ұқсас алдыңғы құжат Римде 2009 жылы қабылданған болатын.

Анықтама:

Энергетикалық Хартияға  1991 жылы қол қойылды. Бастапқыда бұл ұйым Батыс және Шығыс Еуропа елдері арасындағы энергетикалық қарым-қатынастар механизмі  ретінде  құрылды. 1994 жылы энергетикалық тиімділік және тиісті экологиялық аспектілер жөніндегі Энергетикалық Хартияға Шартқа және Хаттамаға қол қойылды. Энергетикадағы саяси байланыстарды нығайтуға үндейтін Хартияға қарағанда,  ол -  заңды түрде міндетті көпжақты келісім болып табылады. Энергетикалық Хартияға Шарт энергетика саласындағы  инвестициялар мен саудаға байланысты қатерлерді болдырмау үшін барлық қатысушы елдердің орындауы тиіс біртұтас қағидаларды құруға мүмкіндік береді. Уақыт өте келе  Хартия Еуразия елдерін қамти отырып өзінің аумағын ұлғайтты. Қазақстан Энергетикалық Хартияға   1995 жылдан бастап қатысушы ел болып қабылданды.

Баспасөз  конференциясы 27-қарашада  «Rixos President Hotel» қонақ үйінде болады.

Қатысушыларды сағат 9:30-де  тіркейді.  

Контактілер:

+7 7172790181

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек   

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail