Қазақстанға алғаш рет Еуропалық комиссияның Энергетикалық Одақ істері жөніндегі Вице-Президенті Марош Шевкович келеді

размер шрифта: Aa | Aa
19.11.2014 17:32

Бұл  - ЕО құрылымындағы жаңа лауазым. Еуропаның Энергетикалық Одағын құру бастамасы украиналық дағдарыстан кейін көтерілді. Оның мақсаты ресейлік газ жеткізушілерге тым тәуелді болмау, көгілдір отынды ЕО барлық елдеріне ортақ шартпен анағұрлым ашық жолмен сатып алу, Еуроодақтың жекелеген елдерімен тәуелсіз шарт жасау тәжірибесін болдырмау үшін   энергетикалық ресурстар мен инфрақұрылымды біріктіру.   

Мұндай құрылым енгізілетіні туралы ресми түрде  мәлімденген жоқ, алайда механизмдер ұсынылып,  пысықталып жатыр. Әсіресе, өз міндетіне 1-қарашадан бастап кіріскен Еурокомиссияның 12-ші төрағасы Жан-Клод Юнкер Энергетикалық одақты құруды өз қызметіндегі айрықша  мәселе  деп атады.

Марош Шевкович Астанада 26-27 қарашада өтетін  Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші сессиясына қатысады. Энергетикалық қауіпсіздік және ғаламдық транзиттік коридорларды дамыту  мәселелері   – сессияның күн тәртібіндегі басты тақырыптар. Сондықтан Еуропалық комиссияның Вице-Президенті Мароша Шевковичтің  қатысуы   және оның ұстанымдарымен танысу Энергетикалық Хартияны әрі қарай дамыту үдерісіндегі аса маңызды оқиға. ЭХК бүгінгі күні энергетика саласындағы халықаралық ынтымақтастықты реттейтін бірден-бір ұйым.   

Мәжіліс шеңберінде халықаралық энергетикалық ынтымақтастық перспективасын және Энергетикалық Хартия   үдерісінің  орташа мерзімде стратегиялық дамуын айқындайтын 2015-2019 жж. арналған Астаналық Жол картасын қабылдау жоспарланып отыр.

Бұл  - Энергетикалық Хартия Конференциясының  2014 жылдың басында ғана қабылданған еліміздің төрағалық етуінің жаңа  форматына сәйкес өткізілейін деп отырған  бірінші сессия. Қазақстан «KAZENERGY» қауымдастығының жқмыс органы атынан Конференцияға алғаш рет төрағалық етеді.

Қазақстан ЭХК төрағалық ету шеңберінде  Хартияны жаңарту бойынша бірқатар бастама көтеріп отыр. Соның  ішінде,  сотқа дейінгі тәртіппен дауларды шешудің ерікті механизмдерін  енгізу,  энергетикалық сектордағы инвестицияларды қорғау бойынша Омбудсмен қызметін құру  туралы ұсыныстар енгізілді.

Баспасөз  конференциясы 27-қарашада  «Rixos President Hotel» қонақ үйінде болады

Қатысушыларды сағат 9:30-де  тіркейді. 

Контактілер:

+7 7172790181

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек   

Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

PDFБаспаға жіберуE-mail