Грузияның Вице-премьері, Энергетика министрі Каха Каладзе Астанада өтетін энергетикалық саланың көшбасшыларының кездесуіне қатысады

размер шрифта: Aa | Aa
21.11.2014 12:27

Каха Каладзе 26-27-қарашадағы Энергетикалық  Хартия Конференциясының 25-ші сессиясына қатысады деп жоспарланып отыр.  Ол сессияның «Транзиттік коридорларды дамыту – глобальной ғаламдық энергетикалық қауіпсіздік кілті» тақырыбындағы министрлік бөлімінде  сөз сөйлемекші.

Грузия елі  Энергетикалық  Хартия Конференциясына Қазақстаннан кейін төрағалық етеді. Қазақстанға  бұл міндет  Кипрде өткен ЭХК алдыңғы сессиясында қабылданған елдің төрағалық ететін жаңа форматына сәйкес Хартия тарихында  алғаш рет жүктелді.  Қазақстанның ЭХК жұмыс органы «KAZENERGY» қауымдастығы болып табылады.

Грузияның Энергетика министрі Энергетикалық  Хартияны  осы елдің бірлестікте төрағалық етуі шеңберінде әрі қарай дамыту бойынша жоспарлары туралы баяндап  береді деп күтілуде.   

Грузия өңірдегі маңызды транзиттік елдің бірі бола отырып, Энергетикалық  Хартия  үдерісін  энергия ресурстарын транизттеуге, оның ішінде электр энергиясына қатысты нығайтуға ерекше мүдделі ел және бұл мәселені 2015 жылғы  Конференцияның жұмыстарының басым бағыттарының бірі етіп алмақ.

Кавказда маңызды энергетикалық әлеует бар. Алайда  инфрақұрылымды және тасымалдау бойынша жобаларды дамыту  инвестицияларды талап етеді. Каха Каладзе өңірдегі бірқатар жобаларды дамыту және қолдау бойынша Грузия ұсынып отырған ұсыныстарға жан-жақты тоқталып өтеді деп күтілуде. 

В работе Конференция жұмысына ЭХК қатысушы елдерінің салалық министрліктерінің өкілдеріне қоса энергетикалық кәсіпорындардың жоғары звеносының басшылары да қатысады.  Ұлттық және халықаралық энергетикалық компаниялардың басшыларына осы мәселелерге өз көзқарастарын білдіру  және энергия транзиттеу және ғаламдық энергетикалық қауіпсіздікті арттыру үшін коридорларды дамыту жолдарына қатысты шешім қабылдау ұсынылып отыр.

Сонымен қатар, қатысушылар сотқа дейінгі тәртіппен дауларды шешудің ерікті механизмдерін енгізу және энергетикалық сектордағы инвестицияларды қорғау жөніндегі Омбудсмен қызметін құру туралы Қазақстан көтерген бастамаларды да талқылайтын болады. Энергетикалық Хартия үдерісінің орта мерзімдік перспективада стратегиялық дамуын айқындайтын 2015 – 2019 жылдарға арналған Астаналық жол картасын қабылдау жоспарланып отыр.

Анықтама: Каха Каладзе Грузияның вице-премьері, энергетика министрі қызметін 2012 жылдан бастап атқаруда. Оның саяси қызметі спорттық қызметі аяқталған соң басталды. Каха Каладзе әлемдік футболдың әйгілі  жұлдыздарының бірі.  Ол көптеген спорттық жетістіктерге қол жеткізген. 

PDFБаспаға жіберуE-mail