«Kazenergy» қауымдастығының кеңесі 2014

размер шрифта: Aa | Aa
08.12.2014 17:19

2014 жылғы 10 желтоқсанда  «Rixos» отелінде «KAZENERGY» ЗТБ Қауымдастық кеңесі өтеді. Қатысушылардың назарына қауымдастықтың 2014 жылғы жұмыстарының қорытындысы  бойынша есеп ұсынылады. Келесі жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау жоспарланып отыр.

Қауымдастық кеңесінің шеңберінде  төмендегі құжаттарға қол қойылады:

 - «KAZENERGY» ЗТБ және ҚР Энергетика минитсрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы келісім;

 - «KAZENERGY» ЗТБ-ны ҚР Кәіспкерлер палатасының атқарымдарын орындауға тарту туралы шарт;

 - KAZENERGY қауымдастығы мен «Астана ЭКСПО 2017» ҰК АҚ арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

 - «KAZENERGY» ЗТБ және «ЧТПЗ» АҚ арасындағы серіктестік туралы шарт;

Анықтама:  «KAZENERGY» қауымдастығының кеңесі  Қауымдастық төрағасы басқаратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. Кеңес жұмысына Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеп отырған  және Қауымдастық мүшелерінің қатарына кіретін  ірі мұнай-газ және энергетика компаниялларының басшылары қатысады. Осы  Кеңес Қауымдастықтың қызметі жөнінде ұсыныстарды қарастырады және  кеңес береді, Қауымдастыққа мүше болуға үміткерлердің өтініштерін қабылдайды. 

PDFБаспаға жіберуE-mail