Қазақстанда алғаш рет бизнестің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігі жөнінде шолу жасалды. «KAZENERGY» қауымдастығы «Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының 2012-2013 жж. арналған әлеуметтік жауапкершілігі» шолуының жұмысы туралы есеп береді

размер шрифта: Aa | Aa
05.02.2015 10:53

Таныстыру «Мұнай-газ компанияларын әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға және қаржылық емес есептілікті даярлауға ынталандыру бойынша бастамалар» тақырыбында  2015 жылғы 11 ақпанда «KAZENERGY»қауымдастығының конференц-залында сағат 11.00-де болатын Дөңгелек үстел мәжілісі барысында өтеді.

Мәжіліске «KAZENERGY» қауымдастығының мүшелері, ҰКП, ҚР ЭМ, ҚР ДС және ӘДМ, қоғамдық және халықаралық бірлестіктер қатысады.

Мәжіліс барысында мынадай мәселелерді де қарау жоспарланып отыр:

     Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласының 2014 ж. арналған әлеуметтік жауапкершілігі туралы есепті кезең-кезең бойынша, компаниялардың қатысу форматы, сонымен қатар ақпаратты жинау және өңдеу үдерісі бойынша  даярлау.

    кезеңдерді талқылау,  кейс форматтарын, кейстерді болжамды бағалау критерийлерін   және болжамды сараптық кеңес мүшелерін ұсыну арқылы 2014 ж. арналған әлеуметтік жауапкершілік саласындағы кейстерге байқау өткізу.

     Өтініш беру  форматын белгілеу арқылы 2014 ж. арналған әлеуметтік жауапкершілік саласындағы мамандар рейтингін жүргізу.  Болжамды бағалау критерийлері   және болжамды сараптық кеңес мүшелерінің тізімін талқылау және марапаттау салтанатын өткізу.   

PDFБаспаға жіберуE-mail