Астанада «Мұнай – кешегі, бүгінгі және келешек уақыттың энергиясы» атты студенттік дебаттық жарыс өтеді

размер шрифта: Aa | Aa
27.04.2015 16:34

2015 жылғы  мамырдың 1-2-сі, Астанада  Қазақстанның мұнай-газ және мұнай-химия саласына арналған «Мұнай – кешегі, бүгінгі және келешек  уақыттың энергиясы» атты дебаттық жарыс өтеді. Шараның ұйымдастырушылары -  «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ демеушілік қолдауымен «KAZENERGY» Білім беру бағдарламасы, Назарбаев Университетінің «Әлеуметтік даму қоры»  корпоративтік қоры.

Жарыс техникалық мамандықтар бойынша оқитын студенттер арасында өтеді, «Мұнай-газ ісіне»  және  «Мұнай-химияға» басымдық беріледі  

Жарыстың мақсаты - қазақстандық ЖОО-ларда  техникалық мамандыққа оқитын студенттерді  мұнай-газ секторының өзекті мәселелерін шешуге тарту  болып табылады. Ойын форматында тәжірибе, инновациялық идеялармен алмасу,   техникалық білімді насихаттауда бірлескен жұмыстарды атқару үшін іскерлік қарым-қатынас құру. Техникалық мамандыққа оқып жүрген студенттерді таныстыру дағдыларына және сыни ойлау дағдыларына машықтандыру.

Дебаттық жарыс екі күн бойы 3 кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде жарыстың Британдық Парламенттік формат бойынша қатысушыларына арналған тренингті қамтиды. Одан әрі іріктеу кезеңі, жартылай финал және финалдық ойын өтеді.

Әділқазылар төралқасының бағасына сай бірінші орын алған команда Жарыс жеңімпазы болады. Командалар релеванттық сөйлеу, спикердің атқарымдық міндеттерін орындау, аргументтеу қасиеттері, идеялардың инновациялығы бойынша бағаланады.

KAZENERGY қауымдастығының баспасөз қызметі

79-01-73

PDFБаспаға жіберуE-mail