VI Симпозиум

размер шрифта: Aa | Aa
15.02.2016 09:31
IEA IEF OPEC

Ертең 16  ақпанда Эр-Рияд қаласында  (Сауд  Арабиясы) энергетиканы дамыту болжамдары жөніндегі VI Симпозиум  өз жұмысын бастайды, оған KAZENERGY өкілдері қатысады

Маңызды әрі беделді шараны Халықаралық энергетика жөніндегі агенттік (ХЭА,IEA), Халықаралық энергетикалық  форум (ХЭФ,IEF)  және Мұнай эскпорттаушы елдер ұйымы (OPEC) бірлесіп өткізбек.  Симпозиумның күн тәртібінде  энергетиканы дамыту болжамдарын салыстырмалы талдаудың негізгі  тұжырымдары сөз болады,  ХЭФ және ОПЕК соңғы болжамдары таныстырылады, энергетиканың қысқа, орта және ұзақ мерзімді перспективасы, сонымен  қатар төмен бағаның нарықтың сұранысы мен ұсынысына, тұрақтылығы мен өсуіне тигізетін әсері талқыланады.

2016 жылғы 27-28 қыркүйекте ХЭФ 15-ші министрлік кездесуі өтетінін атап көрсеткен жөн, онда Қазақстан вице-төраға дәрежесінде таныстырылады.

PDFБаспаға жіберуE-mail