Халықаралық энергетикалық форумы (ХЭФ) Атқару комитетінің Арнайы мәжілісі

размер шрифта: Aa | Aa
29.02.2016 17:22

2016  жылдың 29-ақпанда Лондон қ. (Ұлыбритания) Халықаралық  энергетикалық  форумы (ХЭФ) Атқару комитетінің Арнайы мәжілісі өтеді.

KAZENERGY  қауымдастығының делегациясы: Бас директор Б.О.Ақшолақов пен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Т.К.Қарашев аталмыш шараның жұмысына қатысуды жоспарлап отыр.

Мәжіліс шеңберінде биылғы жылдың 27-28 қыркүйегінде Алжир қаласында өтетін ХЭФ мүше елдерінің 15-ші министрлік кездесуін өткізу талқыланбақ.  Қауымдастық өкілдері қоса қабылдаушы ел дәрежесінде алдағы министрлік кездесудің тақырыбын, бағдарламасын, қатысушылар құрамын да қарау ісіне қатысады деп жоспарланып отыр.    

Сонымен бірге, мәжіліс барысында ХЭФ Бас хатшысын сайлау рәсімін өткізу де жоспарланған.

PDFБаспаға жіберуE-mail