7-мамыр - Отан қорғаушылар Күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні

размер шрифта: Aa | Aa
06.05.2016 12:17
7-9_may_KE_1

Біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі – 7-мамыр -  Отан қорғаушылар Күні және 9-мамыр – Ұлы Жеңіс Күні де келіп жетті. Бабаларымыздың айбынды рухын асқақтатқан бұл мереке елімізде айрықша құрметке ие.

Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері! Біз үшін сіздердің көрсеткен ерліктеріңіз ұмытылмас үлгі. Сіздер Отанымызды қасық қандарыңыз қалғанша қорғадыңыздар.  Өшпейтін, ешқашан өлмейтін ерліктеріңіздің арқасында біз қазір бейбіт өмір сүріп жатырмыз.   Мұндай соғыс енді қайтып қайталанбасын деп тілейміз.

Отан шебін қорғап жүрген ұландарды, сонымен қатар еліміздің барлық ер-азаматтарын мерекелерімен құттықтаймыз. Қайратты, мақсатты, Отанға адал, елге қайырымды  болыңыздар!

PDFБаспаға жіберуE-mail