Бүгін 2016 жылғы 16-маусымда ҚР Құрметті жер қойнауын барлаушысы АҚШОЛАҚОВ ОРАЛ АҚШОЛАҚҰЛЫ мерейлі 80 жасқа толды

размер шрифта: Aa | Aa
16.06.2016 12:08
UAA

Бүгін 2016 жылғы 16-маусымда ҚР Құрметті жер қойнауын барлаушысы, «Қазақстан Республикасының көмірсутек әлеуетінің ғылыми негіздемесі» еңбегі үшін ҚР Әл-Фараби ат. ғылым және техника саласындағы  мемлекеттік сыйлығының иегері АҚШОЛАҚОВ ОРАЛ АҚШОЛАҚҰЛЫ  мерейлі  80 жасқа толды  

Құрметті Орал Ақшолақұлы!

KAZENERGY қауымдастығы сізді 80 жылдық мерейтойыңызбен құттықтайды!

Бар ғұмырын киелі өлкеміздің байлығын халық игілігіне жаратуға арнаған, қажырлы  еңбегіңіз кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болған сізге деген құрметіміз аса зор. Бұл күндері «қара алтынның» еліміздің экономикасының локомотивіне айналып отырғаны сіз сияқты еңбекқор жандардың арқасы.  Қазақстанның өсіп-өркендеп дамуына қосқан үлесіңіздің және кен игеру саласындағы абыройлы ісіңіздің ырысы мен берекесін көруіңізге тілектеспіз.

Сізге мықты денсаулық, бақыт және сәттілік тілейміз! 

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу