2016 жылы 31-қазанда Астана қ. KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және интеграциялық процестер» тақырыбында семинар өтеді.

размер шрифта: Aa | Aa
26.10.2016 10:49

ЖЕРГІЛІКТІ ҮЛЕСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ  ПРОЦЕСТЕР

 

Сарапшылық  семинар

 

 

2016 жылы 31-қазанда   Астана қ.  KAZENERGY қауымдастығы Дүниежүзілік мұнай кеңесімен бірлесіп ұйымдастырған «Жергілікті үлесті дамыту және  интеграциялық  процестер» тақырыбында  семинар өтеді.

Сарапшылық семинардың жұмысы жергілікті үлес саласындағы мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша негізгі кедергілерді талдау және бірлескен ұсыныстар жасауға бағытталады. Сарапшылар ұсынған ұсыныстарға  KAZENERGY қауымдастығы талдау жасайды. Жаңа жағдайларда жергілікті үлесті дамыту тәжірибесі бойынша алынған нәтижелер, тұжырымдар және ұсыныстар  жинақталып, 2017 ж. Стамбул қ. өтетін XXII Дүниежүзілік мұнай кеңесінің арнайы сессиясында таныстырылады.

КҮН ТӘРТІБІНДЕ

  1. Отандық өндірушілерді қорғау.
  2. Жер қойнауы, салық заңдары және жергілікті үлесті дамыту туралы кодекстер.
  3. ҚР-да жергілікті үлесті дамытудың күрделі мәселелері – отандық өндірушілердің көзқарасы.
  4. Еңбек нарығындағы бәсекелестік.

Өтетін орны: Астана қ., Қазақстан Республикасы, Тәуелсіздік Сарайы,  Сопақ зал, 09:00-10:00 – қатысушыларды тіркеу

ДМК жаһандық мұнай-газ қауымдастығының мүддесін білдіретін ірі халықаралық ұйым. Оның негізгі мақсаттарының бірі – білім және тәжірибе алмасу үшін мүдделі тараптар арасында диалог құру, сарапшылық бағалаулар алуға көмектесу және мұнай-газ саласындағы басты сын-қатерлердің оңтайлы шешімдерін іздестіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

PDFБаспаға жіберуE-mail