10-ақпанда KAZENERGY қауымдастығы Жұмыс тобының Өндірістік саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі мәжілісі өтті

размер шрифта: Aa | Aa
13.02.2017 15:46

10-ақпанда  KAZENERGY қауымдастығы Жұмыс тобының Өндірістік саланың ашықтығы бастамасын (ӨСАБ) іске асыру жөніндегі мәжілісі өтті

Қауымдастық мүшелері 2017 жылға арналған бенефициарлық құқықты ашу, Қазақстан Республикасының валидтеуден өтуге даярлығы (яғни енгізуді бағалау)    және басқа да мәселелер бойынша  жоспарлар мен міндеттерді талқылады.

Компаниялар өздерінің  бенефициарларын ашу жөнінде Жол картасы  бойынша іс-қимылдарды Ұлттық кеңестің барлық мүдделі тараптармен бірлесіп іске асырудың маңыздылығын атап көрсетті және осы жұмыстарға белсенді түрде  қатысуға даяр екендіктерін білдірді.   

Оған қоса қатысушылар  жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың ӨСАБ-қа ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналған шығындар бойынша  есептілікті енгізу мәселелерін қарады және осы тақырып бойынша қосымша кеңес өткізуге келісті. 

Мәжіліс барысында NCOC  мемлекеттік органдармен әрекеттестік ету және сыртқы байланыстар жөніндегі  үйлестірушісі  Кемелов Олжас  Ұлттық кеңестің мұнай-газ компаниялары тарабынан  мүшесі дәрежесінде бекітілді. KAZENERGY қауымдастығы, Шелл Қазақстан  және  Шеврон өкілдері де  осы Кеңестің мүшелері болып табылады. 

IMG_6480_1

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу