Қазақстанның студенттеріне арналған «Болашақ Энергиясы» саласындағы инновациялық идеялар байқауы

размер шрифта: Aa | Aa
01.06.2017 11:02

123

Қазақстанның  студенттеріне арналған «Болашақ Энергиясы» саласындағы инновациялық идеялар  байқауы

«Болашақ Энергиясы» тақырыбымен 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесі әлемнің бірқатар үздік мамандарын қатыстырып энергия мәселелерін талқылауға арналған жіне осы саладағы кейбір ең инновациялық технологияларды таныстыратын платформаға айналады.

Бағдарлама шеңберінде «Шелл» компаниясы мен «KAZENERGY» Қауымдастығы бірігіп «Student Energy Challenge» жобасын іске асыратынын жариялайды. Бағдарламаның мақсаты — Қазақстандағы техникалық университеттерінің студенттерін ұлғайып жатқан энергия мәселелерінің шешімін табуға көмектесетін бірегей және жаңашыл идеялар ұсынуға ынталандыру.

«Шелл» концернінің Барлау және өндіру бойынша вице-президенті және Қазақстандағы Төрағасы Дункан ван Берген осы бағдарлама туралы пікірімен бөлісіп, былай деді: «Күннен күнге артып жатқан энергияға деген сұраныс үлкен мәселе тудырады. Қоршаған ортаға әсерін азайта отырып, планета тұрғындарының жылдам қарқынмен өсіп жатқан энергия қажеттіліктерін қанағаттандыру жолын табуымыз керек. Осы өзекті мәселені шешу ең озық инновацияларды және тығыз әрекеттестікті қажет етеді және де біздің жастар осы мәселені шешуде үлкен рөл атқаратын болады. Біздің байқауымыз студенттерді осы маңызды ғаламдық тақырыптар бойынша ойландыруға бағытталған».

KAZENERGY қауымдастығының Бас директоры Болат Ақшолақов былай дейді: «Қазіргі таңда жас буын үшін ең маңыздысы — болашақ кәсіби ортасында бағалы әрі табысты болу. Талапты әрі жасампаз жас Қазақстандықтарды біріктіретін «Students Energy Challenge» байқауы дәл осындай мүмкіндіктерді ұсынады. Жігерлі, ақылды әрі тапқыр жастарды осы шараға қатысуға шақырамыз».

«Students Energy Challenge» байқауының мақсаты техникалық университеттердің студенттерін алты тақырып бойынша энергия мәселелерінің шешімдерін табуға көмектесуі мүмкін ерекше әрі инновациялық идеялар ұсынуға ынталандыру болып табылады:

  1. Отын-энергетикалық ресурстарды бақылау;
  2. Дәстүрлі емес көздерден өндірілетін балама энергияны дамыту;
  3. Тұрмыстық және коммерциялық қолданыста энергияның тиімділігін және сақталуын арттыру;
  4. Электр және жылу энергиясын тиімдірек пайдалану;
  5. Негізгі энергия көздерін – мұнай, газ, көмір мен уранды – көмірқышқыл газ мөлшерін азайтып өндіру;
  6. Тасымалдау, қуат өндіру, құрылыс, тұрмыста және сауда-саттықта энергияны пайдалану кезінде көмірқышқыл газының шығарылуын азайту.

Конкурс жеңімпазы атанған топқа 10 000 еуро сыйақы беріледі және бұған қоса топ пен сәйкес факультеттің барлық студенттері үшін «Шелл» концернінің техникалық мамандары мен энергия саласының және ұқсас саланың басқа да мамандары мастер-класс өткізеді. Екінші және үшінші орынды иеленген топтар да ақшалай және тәлімгерлік жүлделермен марапатталады.

Конкурсқа қатысуға қызығушылық білдірген топтар 2017 жылдың 5 маусымына дейін тіркелуі тиіс. Ол үшін www.kazenergyforum.com веб-сайтына өту керек, осы жерден шара, өтініш беру процесі және ұсынылатын сыйлар туралы толық ақпарат алуға болады. Ұсыныстары қысқа тізімге кірген топтар 2017 жылдың 7 және 8 қыркүйегінде ЭКСПО-2017 көрмесінде өтетін «KAZENERGY» Еуразиялық Форумының бөлігі болып табылатын IX Жастар Форумында сарапшылар тобы алдында өз идеясының презентациясын жасау мүмкіндігіне ие болады.

Байланысатын тұлғалар:

Қатысушылар үшін: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек

БАҚ сұраулары үшін: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек   

Қосымша ақпарат:

«KAZENERGY» Қауымдастығы мұнай-газ және энергетика кешеніндегі 86-дан астам компанияның басын біріктіреді. Олардың ішінде мұнай-газ өндіруші, тасымалдаушы, қызмет көрсетуші, геофизикалық, уран өндіруші және басқа да трансұлттық компаниялар бар. «KAZENERGY» Қауымдастығы 2005 жылы қараша айының 2-ші жұлдызында құрылды. Өз еріктерімен бас қосқан заңды тұлғалардың бірлестігі. Ұйым коммерциялық мүддені көздемейді. Мақсаты - Қазақстан Республикасының жанар-жағармай (мұнай-газ) және энергетикалық кешенінің тұрақты түрде дамуына қолайлы жағдай жасау. www.kazenergy.com

Бас кеңсесі Нидерландтың Гаага қаласында орналасқан «Шелл» концерні — энергия және мұнай-химиялық компаниялардан тұратын халықаралық компаниялар тобы. Қазіргі таңда «Шелл»  концерні ҚР экономикасына шетелдік инвестиция жасаған ең үлкен компаниялардың бірі. Қазақстанда «Шелл» концерінің төрт жобада мүддесі бар: Солтүстік Каспий бойынша өнім бөлісу туралы келісім («Шелл»  үлесі 16.81%), Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы «Жемчужина» Өнім бөлісу туралы келісімі («Шелл»  үлесі 55%), Қарашығанақтағы Соңғы өнім бөлісу туралы келісім (BG Group арқылы үлесі 29.25%) және Қазақстанның мұнай қорларын әлемдік нарықтарға жеткізетін Каспий құбыр желісі консорциумы («Шелл»  үлесі 7.4%). www.shell.com

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу