Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электр станциясын 100 МВт дейін ұлғайту бойынша жобаны қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойылды

размер шрифта: Aa | Aa
12.06.2017 16:52

Жамбыл облысындағы «Бурное» күн электр станциясын 100 МВт дейін ұлғайту бойынша жобаны қаржыландыру жөніндегі келісімге қол қойылды

Министрлер конференцисяы мен Тұрақты даму энергетикасы жөніндегі сегізінші халықаралық форум барысында  «Жамбыл облысындағы «Бурное Солар» күн электр станциясын 50-ден 100 МВт  дейін ұлғайту жобасын қолдау және ынтымақтасу туралы келісімге»  және «Еуропалық қайта құру және даму банкі мен «Бурное Солар - 2»  ЖШС арасында Жамбыл облысындағы жұмыс істеп тұрған «Бурное Солар» күн электр станциясын 50-ден 100 МВт  дейін ұлғайту жобасын іске асыру мақсатында жасалатын кредиттік келісімге» қол қойылды. Бірінші келісімге қол қоюға қатысқандар: Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі басқарушы директоры Нандита Паршад  және  «BURNOYE SOLAR-2» ЖШС-дан келген UG Energy Limited ЖШС  (құрылтайшы) өкілі Альбрехт Фришеншлягер. Кредиттік келісімге «BURNOYE SOLAR-2» ЖШС бас директоры  Нұрлан Капенов  және Еуропалық қайта құру және даму банкінің  Ресей, Кавказ және Орталық Азия бойынша энергетика және табиғи ресурстар жөніндегі директоры Аида Ситдикова қол қойды.

 Қазақстанды күн энергиясын пайдаланып қауіпсіз, сенімді әрі экологиялық таза электр қуатымен қамтамасыз ету осы жобаның мақсаты болып табылады. Жобаны іске асыру  жұмыс істеп тұрған «Бурное Солар» күн электр станциясын  50-ден 100 МВт  дейін ұлғайтуға және  жылына 146 млн кВтч дейін «таза» электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді. 2018 жылы екінші тоқсанда пайдалануға берілген соң  «Бурное»  күн электр станциясы жаңармалы энергия көзінің ТМД-дағы ең ірі нысандарының бірі болмақ.

Жоба аясындағы жалпы инвестиция көлемі 26 млрд теңге, осы орайда жоба  «Самұрық-Қазына Инвест»  ЖШС-ның жеке қаражаты есебінен және UG Energy Limited  британдық серіктестің 7,8 млрд теңге мөлшеріндегі қаражаты есебінен қаржыландырылып отыр.  

Еуропалық қайта құру және даму банкімен жасалған келісімге қол қою  14,9 млрд теңге  көлемінде ұзақ мерзімді қарыз қаражатын  тартуға және Таза технологиялар қоры  тарабынан  10 миллион АҚШ долларын қарызға қарыжландыруға мүмкіндік береді. Еуропалық қайта құру және даму банкімен жасалған келісімге қол қою жоба демеушілерінен қосымша кепілдіктер мен қаржылай кепілдіктерді талап етпейтін  жобалық қаржыландыру шеңберінде іске асырылып жатқанын атап көрсетеміз.

Еуропалық қайта құру және даму банкімен жасалған Кредиттік келісімге қол қою  шеңберінде Еуропалық қайта құру және даму банкі мен ҚР Энергетика министрлігі және «Бурное Солар - 2» ЖШС арасындағы жобаны қолдау және ынтымақтасу туралы келісімге де қол қойылады, бұл келісім  Қазақстан Республикасының жаңармалы энергия көздері саласындағы заңнамасының басты ережелерін бекітуге бағытталған.

Жобаны іске асыру Қазақстанның «жасыл» экономикаға көшу бойынша бастаған бағытын жалғастыруға және Қазақстанның жаңармалы энергия көздерінен өндірілетін электр қуатының деңгейін 2020 жылға қарай  3%-ға  ұлғайтуға,  ЭКСПО-2017 өтіп жатқан кезеңде құрылысты бастауға, Қазақстанға $12 млн көлемде тікелей шетелдік инвестиция тартуға, 300-ден астам уақытша және 10 тұрақты жұмыс орнын ашуға, сонымен қатар Қазақстан Республикасына заманауи «таза» технологияларды тартуға мүмкіндік береді.

Серіктестер бойынша ақпарат:

«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС «Самұрық-Қазына» АҚ холдингінің құрамындағы инвестициялық компания болып табылады. Қазақстандық компанияларға стратегиялық серіктестермен және/немесе институционалдық инвесторлармен бірлесіп Қазақстан экономикасын дамытуға және жаңартуға мүмкіндік беретін тікелей шетелдік инвестицияларды тарту компанияның негізгі қызметі болып табылады.   

UG Energy Limited  компаниясы  United Green (бұдан әрі - UG) компаниясының 100% еншілес компаниясы. UG компаниясының жаңармалы энергия саласындағы тәжірибесі мол.  2008 жылдан бастап  UG жел және күн энергетикасын инвестициялайды.  Іске асырылған ЖЭК саласындағы жобалардың жиынтық қуаттылығы жалпы құны $1,3 млрд тең  300 МВт, оның ішінде $300 млн астам қаражат жеке капиталдікі.

Еуропалық қайта құру және даму банкі халықаралық қаржы ұйымы болып табылады, оның құрылтайшыларының құрамына 61 мемлекет, Еуроодақ және  Еуропалық банк кіреді. ЕҚДБ 1992 жылы Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға кіруіне көмектесу  үшін  құрылған. Банк құрылғалы бері өзінің қатысу географиясын кеңейтті: бүгінгі күні ЕҚДБ  Орталық Еуропадан бастап Орталық Азияға дейін әлемнің 29 елінде қызмет етеді.  

Таза технологиялар қоры 2008 жылы құрылған және Дүниежүзілік банк басқаратын климат өзгерістеріне қарсы іс-қимылдар жасауға арналған инвестициялық қордың (ИФПИК), мульти-донорлық трас қорының құрамына кіреді. Қордың міндеті дамушы елдердегі климат өзгерістеріне байланысты климаттық тұрақты, төмен көміртекті дамуды қолдайтын түбегейлі өзгерістерді бастамалайтын жобаларды кеңінен  қаржыландыруды  ұсыну болып табылады.   

АНЫҚТАМА: «Энергетиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету» деген ортақ атауы бар Министрлер Конференциясы мен Сегізінші Халықаралық форум  2017 ж. 11-14 маусымда «ЭКСПО-2017 Болашақ энергиясы» (бұдан әрі - Көрме)  халықаралық мамандандырылған көрмесі алғаш ашылған күнінен бастап  өз жұмысын бастады.

Энергетика саласындағы бұл ірі оқиға ЭКСПО-ның маңызды оқиғалар кестесіне  енгізілді. 

 Министрлер конференциясы мен Форумды Қазақстан Республикасының Үкіметі мен  KAZENERGY  қауымдастығы БҰҰ 5 аймақтық комиссиясының (ЕЭК, ЭСКАТО, ЭСКЗА, ЭКА, ЭКЛАК) қамқорлығымен өткізеді.

Конференция мен Форумның серіктестері арасында беделді халықаралық ұйымдар бар, оның ішінде: UNDP, UNDESA, SE4ALL, IRENA, IEA, IEC, UNIDO и другие.

2030 жылға дейінгі кезеңдегі жаңа Ғаламдық күн тәртібінің мақсаттарына қол жеткізу бойынша бірқатар нақты шараларды қамтитын Министрлік мәлімдемені қабылдау осы шаралардың негізгі қорытындысы болмақ. Министрлік мәлімдеме Көрменің негізгі қорытынды құжаты – ЭКСПО Құндылықтар манифесіне енгізіледі.

_NIK1722

_NIK1745

_NIK1677

Social commentary Cackle
Баспаға жіберу