Атанада жаңармалы энергетика мәселелері талқылануда

размер шрифта: Aa | Aa
16.06.2017 15:35

Атанада  жаңармалы энергетика мәселелері талқылануда

Бүгін Энергетика жөніндегі сегізінші форум алаңында  энергия тиімділігі мен жаңармалы энергетиканың өзекті мәселелеріне арналған мәжілістер, тренингтер мен семинарлар өтіп жатыр.

Спикерлер мен қатысушылар Қазақстанның ғана емес, бірқатар елдердің де жасыл экономикаға көшуіне арналған озық тәжірибелерді талқылау үстінде. Панельдік сессияларда жаңармалы энергия көздеріне салынатын инвестицияларға басты назар аударылуда.  Осы мәселе жөнінде БҰҰ бес аймақтық комиссиясының, тұрақты энергетиканы  және мемлекеттік ведомстволарды басқаратын  дүниежүзілік ұйымдардың  төмендегі басшылары мен өкілдері өз пікірлерін білдірді:

Мартин Хуллин, Жоба менеджері, REN21

Зденек Збытек,  Skoda өкілі

Вивьен Фостер, Дүниежүзілік Банк

Олег Дзюбинский,  ЕЭК ООН (UNECE)

Вильям Маклафлин, ЮНИДО (UNIDO)

Роберт Хинрикс, Mondelez

Сергей Морозов, Arcelor Mittal

Ханнес Макналти, BG Engineering Consulting

Михаил Аким, АВВ Ресей

Наталия Джамбурия, Грузия Энергетика министрлігі

Қазақстанның энергетикалық секторы және Париж келісімі

Қазақстанның тұрақты экономикалық өсуінде стратегиялық маңызы зор дәстүрлі энергия көздерінің мәселелері де назардан тыс қалған жоқ. Осылайша «Жоғары тиімділік көрсеткіштері саласындағы озық тәжірибе – шығарындыларды азайту. Көмір өндіру (Best practices in High Efficiency-Low Emissions (HELE) Coal Power Generation» мәжілісінде ҚР Энергетика министрінің орынбасары Бақытжа Жақсалиев сөз сөйледі. Министрлік өкілі  Қазақстанның даму мақсаттарына қол жеткізудегі таза көмірдің рөлі, климаттық міндеттемелер және HELE (климат, ауа сапасы, энергетикалық қауіпсіздік) технологияларының маңызы  туралы әңгімелеп берді.   Доклад о роли угля в период после Париж келісімінен кейінгі кезеңдегі көмірдің рөлі туралы баяндаманы АҚШ Энергетикалық қауымдастығының Атқарушы директоры Барри Борсингтон жалғастырды. Спикер таяу келешектегі көмір энергетикасы саласындағы үрдістер мен әзірлемелер туралы айтып берді.

ЭКСПО-2017  және Энергетика жөніндегі сегізінші форумдағы БҰҰ күні

Энергетика жөніндегі сегізінші форумның екінші күні ЭКСПО көрмесі шеңберіндегі БҰҰ күні деп аталды.

Түстен кейін екі диалог өткізілд, онда БҰҰ мекемелерінің  өз жұмыстарын көрсету және тұрақты энергетика саласындағы мемлекеттерге қолдау көрсету мүмкіндіктері талқыланды. Сессияларға ҚР Энергетика министрлігінің, БҰҰ, ESCWA және  UNDP өкілдері қатысты.

Ғани Сәдібеков, ҚР энергетика вице-министрі, «Қазіргі уақытта ҚР-да Жаңармалы энеггия көздерінің 50 нысаны бар екенін және  біздің ПРООН (UNDP) бірлесіп оның санын көбейтуді жоспарлап отырғанымызды» атап көрсетті.

SDG7 (Тұрақты даму мақсаты) мәжілісінің күн тәртібіне сәйкес бұл диалог  универсалды қол жетімділік, энергия тиімділігін арттыру және жаңармалы энергия көздерінің ғаламдық энергетикалық баланстағы үлесін ұлғайтудың  өзара байланысты мақсаттарға қол жеткізуде  қаншалықты маңызды екенін  ұғындырады. Мәжілісте қатысушыларға мынадай басты қиындықтарды талқылайтын платформа ұсынылады:

  • Барлық мемлекеттердің бір бағытта қозғалуының маңыздылығы;
  • Мемлекет пен жеке сектордың жаңармалы энергия көздерін пайдалануға көшуді қаржыландырудағы рөлі;
  • Әлем қалаларындағы энергия тиімділігін арттыру бойынша басты шаралар.

Сонымен қатар Ғани Сәдібеков  10-маусымда ғаламат оқиға -  ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің ашылуы болғанын атап өтті, оның шеңберінде 11-маусымда министрлер мәлімдемесі  және Астана қ. БҰҰ қамқорлығымен Халықаралық жасыл технологиялар орталығын құру туралы бірлескен мәлімдеме қабылданды. «Біз мұның Қазақстанның жасыл энергетикасын дамыту  және тұрақты даму мақсатына қол жеткізу үшін тамаша мүмкіндік болатынына сенімдіміз»,- деді вице-министр мәжіліс соңында.

Министрлер конференциясы мен Сегізінші халықаралық форумның баспасөз конференциялары бойынша ақпаратты шараның ресми беттерінен қарай аласыз:

http://energyministerial.kz/

https://www.facebook.com/energyministerial/

PDFБаспаға жіберуE-mail