«Кәсіпқойлармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасудың қыр-сыры» тақырыбында шеберлік класс

размер шрифта: Aa | Aa
13.02.2018 14:04

12

2018 жылғы 23 ақпанда «KAZENERGY» қауымдастығы және «Шелл-Қазақстан» компаниясы «Кәсіпқойлармен диалог жүргізу: жұмысқа орналасудың қыр-сыры» тақырыбында шеберлік класын өткізеді. Бұл шеберлік класы «Student Energy Challenge» зияткерлік байқауы шеңберінде  жеңімпаз командалары үшін өткізіледі. Астана қаласы жоғарғы оқу орындарының студенттері мен  магистранттары да қатысу үшін шақырылады.

Спикер ретінде «Airswift» рекрутинг компаниясы және «Шелл Қазақстан» компаниясының өкілдері сөз сөйлейді.

Шеберлік классы аясында тыңдаушылар рекрутинг саласындағы мамандардан жұмысқа орналасу мәселелері бойынша – нақты мысалдарды, жағдайларды көрсете отырып, сұхбатқа қалай дайындалу керек, түйіндеме жазу және әлеуметтік желілерде өзін қалай таныстыру керек екендігі жөнінде практикалық кеңестер алады.

Күні: 2018 жылғы 23 ақпан

Өткізу орны: Астана қ., Назарбаев Университеті, 5-блок, 5103-каб.

Қатысушыларды тіркеу: 14:00 – 14:30

Өткізу уақыты: 14:30 – 17:00

Кофе-брейк: 17:00 – 18:00

қатысу үшін міндетті түрде 2018 жылғы                          20 ақпанға дейін Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық мекенжайы бойынша немесе +7 7172 79 01 74 нөмірі бойынша тіркелу қажет.

PDFБаспаға жіберуE-mail