Көкейтесті оқиғалар

Қазақстандағы KPMG-ның семинарлары және іскер таңертеңгілік астары

PDF Баспаға жіберу E-mail
alt

Қазақстандағы KPMG-ның семинарлары және іскер таңертеңгілік астары

Қазақстандағы KPMG компаниясы Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы семинарлары мен таңертеңгілік іскер дастарханының 2013 жылғы жаңа мерзімге жайылғандығын хабарлайды.

Қазақстандағы KPMG-ның семинарлары және таңертеңгілік іскер дастарханы- аудит, бухгалтерлік және салықты есепке алу, Қазақстан Республикасы заңнамасының ағымдағы өзгерістерін, іскерлік ақыл-кеңес, стратегиялық даму, транзакциялық мәміле нарығындағы соңғы ағымдарды, KPMG-ның Қазақстандағы және ТМД-ның өзге де елдеріндегі жетекші сарапшыларымен бірқатар өзекті мәселелерді талқылауға арналған Алматы, Астана және Атырау қалаларындағы іскер топ уәкілдері бас қосатын арнайы орта. Сіздің назарыңызға ай сайын аймақтағы іскер қызметтің қыр-сырын талқылап, көтеретін тақырыптарға арналған тұсаукесерлер өткізілетін болады.

Мұнда Сіз пікірлестер мен қызықты сұхбаттастар таба аласыз, сондай-ақ, кәсіби тақырыптарға әңгіме-дүкен құра аласыз.

Біздің семинарларымыз бен таңертеңгілік іскер дастарханымыздың 2013 жылға арналған алдын-ала дайындалған бағдарламасын, сондай-ақ, іс-шаралардың өткізілетін орыны мен уақытын аталмыш ақпараттан көре аласыз.

Предварительная программа (г. Алматы)

Предварительная программа (г. Астана)

Предварительная программа (г. Атырау)

Қатысу құны

Іскер дастарханымыз Сіздерге арнайы тегін жайылған.
Семинарлар ақылы негізде жүргізіледі.
Орындар шектеулі.

Қатысуды растау

Сіздің семинарға қатысуыңызды және/немесе іскер таңертеңгілік дастарханнан дәм татуыңызды Алматы қаласында +7 (727) 2980898 (ішкі 62111) телефоны арқылы, Астана қаласында +7 (7172) 552 888 (ішкі 62111) телефоны арқылы, Атырау қаласында +7 (7122) 556 200 (ішкі 62111) телефоны арқылы Жүсіпова Мәдинаға қатысушының аты-жөнін, тегін, лауазымын, байланыс мәліметтерін, іс-шараның өткізілетін күнін көрсету арқылы  Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек электрондық адресіне хабарласуыңызды өтінеміз.

Семинарларға қатысып, таңертеңгілік іскер дастарханымыздан дәм татқаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз!



 


JPAGE_CURRENT_OF_TOTAL