Қазақстанның Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияда Төрағалық ету шеңберіндегі бастамасы

размер шрифта: Aa | Aa
01.10.2014 15:20
web_banner_kaz_4

Дүниежүзінде жаһандастыру және өзара тәуелділік қарқындап өсіп келе жатқан уақытта экспортерлер мен импортерлер арасында көпжақты қағидалар халықаралық ынтымақтастық үшін  теңгерімделген және тиімді шеңберді қамтамасыз ете алатыны  екіжақты ортақ құпталған.  Сондықтан, Энергетикалық Хартия Шарты  ашық, бәсекеге қабілетті нарық және тұрақты даму ұстанымдары негізінде энергетикалық қауіпсіздік үшін құқықтық негіз құру тұрғысында  маңызды рөл атқарады.  Энергетикалық Хартия Шартының негізгі мақсаты  - энергетика мәселелеріндегі құқықтық нормаларды барлық қатысатын үкіметтер сақтауға міндетті болатын  біртұтас қағидалар құру арқылы, осылайша энергетика саласындағы инвестициялар мен саудаға байланысты қауіп-қатерлерді барынша азайта отырып бекіту.

Қазақстан Республикасы 2014 жылғы Энергетикалық Хартияның жоғарғы басқарушы органының Төрағалық етуші елі болып тағайындалды.  Бұл шешім өткен жылы Кипрде, Никосия қ. өткен Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның 24-сессиясында қабылданды.   

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасымен Энергетикалық Хартияның Хатшылығымен бірлесіп басқа да қатыстырылған министрліктермен, ведомстволармен және ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта Астана қаласында 26-27 қарашада өтетін Энергетикалық Хартия жөніндегі Конференцияның 25-сессиясына даярлық бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Конференцияның  министрлік мәжілісінде  энергетикалық ресурстарды тұтынушылардың өңірлік және әлемдік нарығына тасымалдауға арналған ғаламдық транс-еуразиялық транзиттік коридорларды дамыту мәселесі талқылануда және пысықталуда. Мәжіліс шеңберінде Конференцияның   - Энергетикалық Хартия үдерісінің орташа мерзімдік перспективада стратегиялық дамуын белгілейтін 2015-2019 жж кезеңге арналған Астана жол картасын қабылдауы жоспарланып отыр.

Қазақстан Төрағалық шеңберінде Энергетикалық Хартия үдерісін жетідіру бойынша  бірқатар маңызды саяси ұсыныстар ұсынады. Энергетика секторындағы ұлттық деңгейдегі дауларды болдырмау үшін  дауларды сотқа дейінгі тәртіппен  шешу механизмдерін енгізу ұсынылады. Сонымен қатар  Энергетикалық Хартияның Бас хатшысы жанынан Энергетика секторындағы инвестицияларды қорғау жөніндегі омбудсмен лауазымын құру мәселесін қарау ұсынылады. Бұл даулы мәселелерді уақтылы әрі жылдам  шешуге және Энергетикалық Хартия елдеріндегі инвестициялық дауларды болдырмауға мүмкіндік берер еді.

Бұған қоса, Қазақстан  ұлғайту тұрғысында Энергетикалық Хартияны жаңарту үдерісіне белсенді атсалысады.  Қазақстан Республикасының өкілдігі Біріккен Араб Әмірлігінде  «Энергетикалық Хартияның Байланысушы Өкілдігі» дәрежесінде қызмет етеді. Төрағалық етуші ел ретінде Қазақстан энергия ресрустарын транзиттеу қауіпсіздігі және халықаралық энергетикалық нарықтардың барлық сегменттерінің ашықтығы  мәселелері бойынша көпжақты тереңдетілген диалог өткізуге бастама көтеруді жоспарлап отыр.  

Бағдарлама

Расталған қатысушылар тізімі

Энергетикалық Хартия Конференциясының 25-ші сессиясы шеңберінде Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін артыру саласындағы ҚР мемлекеттік саясатына шолуды таныстыру 

Астанадағы Энергетикалық Хартия Конференциясы 25-ші сессиясының баспасөз конференциясы 

Аккредиттеу нысаны

PDFБаспаға жіберуE-mail