ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕҢЕС ДЭК ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОМИТЕТІНЕ «IN GOOD STANDING» СЕРТИФИКАТЫН БЕРДІ

размер шрифта: Aa | Aa
03.04.2015 12:24

Certificate_WEC

Дүниежүзілік энергетикалық кеңес «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  басшылық етіп отырған ДЭК Қазақ Ұлттық комитетінің жұмысына жоғары баға берді.  Комитетке «In good standing» сертификаты берілді.

Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің негізі 1923 жылы қаланған, ол -  энергетика мәселелерімен айналысатын   және  әлемнің 90-ға жуық елдерінің  3000-нан астам мүше ұйымдарын қамтитын ғаламдық ұйым.  Кеңестің міндеті: «Жалпы адамзаттың игілігі үшін тұрақты энергия жеткізілуіне және тұтынылуына көмек көрсету». Қазақстан 2009 жылы  ДЭК мүшесі болып, оның құрамына «KAZENERGY» қауымдастығы кірді. «Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы Алмасадам Сәтқалиев  Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің қазақстандық комитетінің Төрағасы болып табылады.

ДЭК мүшесі дәрежесіндегі Қазақстанның қызметі ғаламдық және өңірлік энергетикалық қауіпсіздік саласында жаңа идеялар іздестіруге бағытталған. ДЭК қазақстандық комитеті энергетиканы дамыту үрдістері, әлемдегі энергия тұтыну ауқымы және генерациясы, энергия балансының жағдайы  туралы келіп түскен деректерге  талдау жасайды және ДЭК бойынша әріптестерімен бірлесіп ғаламдық энергетикалық қауіпсіздіктің жаңа құрылымдарын іздестіру бойынша жұмыстарды жүргізеді.

Үш жылда бір рет ДЭК алаңында Конгресс өткізіледі, оның барысында өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту, әртүрлі салалардағы, соның ішінде  энергетика, жаңармалы энергия көздері, логистика, машина жасау, аспап жасау, мұнай және газ химиясын  дамыту салаларындағы, мәдени ынтымақтастық және кадрларды даярлау саласындағы  бірлескен жобаларды іске асыру  перспективалары талқыланады.

ДЭК Бас хатшысы Кристофер Фрай мырзаның және  Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасының Төрағасы,  ДЭК  қазақстандық комитетінің Төрағасы Алмасадам Сәтқалиевтың ДЭК бастамасымен Астана қаласында Дүниежүзілік энергетика көшбасшыларының саммитін өткізу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюы   2013 жылы  қазан айында Тэгу қаласында (Корея Республикасы) өткен  Дүниежүзілік энергетикалық кеңестің маңызды  нәтижесі болды (World Energy Leaders’ Summit).

Қоғам мен KAZENERGY қауымдастығы бірлесіп 2014 жылғы мамыр айында VII Астана экономикалық форумы шеңберінде өткізген Саммит сланец газына, энергия сақтау технологиясына, өңірлік энергетикалық инфрақұрылымға, ядролық энергетиканы дамытудың жаңа аспектілеріне  қатысты мәселелерді қарастыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, климаттық өзгерістерге, көмір генерациясын дамытуға және су ресурстарымен қамтамасыз етуге байланысты тұрлаусыздықтар мен қауіп-қатерлерді басқару мәселелері де қаралды.

Астанада Саммит өткізу, ең алдымен, Қазақстанның соңғы жылдары Елбасының бастамасымен парник газдарының атмосфераға шығарындыларын азайту, «жасыл экономиканы» дамыту, энергия тиімділігін арттыру және энергия үнемдеуге бағытталған   «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасы және Ғаламдық энергия-экологиялық стратегия, «Қазақстан-2050» стратегиясы  сияқты бірқатар құжаттарды қабылдауына байланысты.

«Самұрық-Энерго» АҚ көп салалы ірі энергетикалық холдинг ретінде элеткр энергиясын генерациялау үшін отын түрлері бойынша оңтайлы балансқа қол жеткізуге ниеттеніп отыр, осыған байланысты энергетикалық портфель әртараптандырылады.   Осы факторлардың бәрін ескере отырып, компания стратегиясы 2022 жылға дейін технологиялық әлеуеттің инновациялық дамуына бағытталмақ. Атап айтқанда, ЖЭК үлесін ұлғайту, таза көмір технологиясы негізінде генерациялайтын жаңа қуат көздерін салу және жұмыс істеп тұрған қуат көздерін жаңарту қарастырылып отыр. Олардың тиімділігін әрі қарай арттыруға және қоршаған ортаға әсерін азайтуға – күл,  күкірт оксиді және азоттың шығарындыларын азайтуға баса назар аударылады. Қазіргі энергетика үшін жаңа әрі сапалы келешек шешімдерге көшуге мүмкіндік беретін экологиялық таза технологияларды кеңейту қажет.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта Қоғамның арнайы жас мамандар үшін әзірленген «Болашақ энергетика көшбасшылары» (Future Energy Leaders) Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңесіне қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. ДЭК жастар бағдарламасы дүниежүзілік энергетикалық кешеннің кадрлық әлеуетін дамытудың халықаралық тәжірибесіне, жаңа ойлау тәсілдерін  әзірлеуге және болашақ тұрақты энергетиканы дамытуға негізделген.  

PDFБаспаға жіберуE-mail