Energy Focus сараптама бюросы

размер шрифта: Aa | Aa

energyfocus.kz

KAZENERGY Қазақстан мұнай және газ секторы ұйымының ассоциациясы 2005 жылдан бергі табысты жұмысы жылдарында өз қызметінің әр түрлі бағыттарын жетілдірді және қазір белсенді түрде іске асыруда. Уақыт өте бұл жұмыстың нәтижелері мамандандырылған баспа басылымдарында өзекті, уақытылы және кәсіби баяндауды талап етті.

«KAZENERGY» ақпараттық-аналитикалық журналы осы талаптардың үдесінен шыға білді.

«KAZENERGY» журналы «Energy Focus»  сараптама бюросымен шығарылады және екі айда бір рет 2000 данамен шығады. 
Сараптама бюросының негізгі мақсаты ҚР-ның мұнай-газ секторындағы ахуалды саралау және экономиканың осы саласының негізгі даму үрдістері туралы сараптамалық пайым жасау болып табылады. Журнал беттерінде  сараптама бюросының штаттағы аналитиктері мен әр елден шақырылған мамандар ҚР-ның мұнай және газ кәсіпорындары қызметінің негізгі мәселелерін, біздің елдің және шет елдің өткен кезеңдегі негізгі оқиғаларын талқылайды, әлемдік басты рыноктардағы экономикалық және саяси жағдайларды талдайды, дамудың басты тренділерін қалыптастырады.
2011 жылы «KAZENERGY» журналына 5 жыл толды.

Energy Focus сараптама бюросы «KAZENERGY» журналынан басқа мамандандырылған «Медикер» медициналық журналын және «Ring.kz» спорттық журналын шығарады.

Тел: +7 (7172) 79 25 23, 79 25 24
e-mail: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған, оны көру үшін сізде Javascript қосулы болу керек
PDFБаспаға жіберуE-mail