«Казэнерджи» қауымдастығы Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!

размер шрифта: Aa | Aa
29.08.2014 17:26

«Казэнерджи» қауымдастығы Сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды!

Конституция – бұл Мемлекеттің базалық құндылықтарын мәңгілікке бекіткен сенімді құқықтық тұғыр. Билік құрылымының негізі бола отырып, конституция, адам құқығы мен  бостандығын білдіреді, басқа заңдардың мәні мен мағынасын ашады.

1995 жылы бұл күні республикалық референдумда Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды, оған сәйкес ҚР президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып жарияланды, ал 30 тамыз мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні болып жарияланды. Ата-заңы мықты болса, ол мемлекет мығым әрі еңсесі биік ел болады. Бүгінгі күніміз міне сол мығым елдің айғағы – біздің  конституциямыз десек те болады. Осы ата-заңымыздың өзі елімізді ынтымақ пен бірліктің аясында ұштастырып, еліміздің көркейіп, өзге елдерге танылуына жол ашып отыр.

Сіздерді осы мерекемен құттықтай отырып, елімізде тек тыныштық, ынтымақ пен бірлік, мол береке, әрбір Қазақстан халқының отбасыларында  бақыт пен шаттық болсын деп тілейміз! Мереке құтты болсын!

PDFПечатьE-mail